Мектеп тарихы

№7 мектеп-лицейі 1979 жылы қазан айында сегіз жылдық орыс-қазақ мектебі болып ашылды. Мектептің сыйымдылығы 1568 оқушыға есептелген.
Мектеп тұрған аумақ — қаладағы халқы тығыз орналасқан «Шұғыла» мөлтек ауданы.
1979-1984 жылдары мектептің алғашқы директоры Шәкім Нұртазаұлы Әжібаев (физика пәнінің мұғалімі) болды. Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Л.А. Пономаренко қызмет атқарды.
Алғашқы кезеңде мектепте 48 сынып оқыды. Оның 32-і орыс, 16-ы қазақ сыныптары еді. 1980-1981 оқу жылы орта мектеп статусын алып, 1981-1982 оқу жылында алғашқы түлектерін ұшырды.
1984 жылы тәмамдаған мектеп түлегі Сергей Капустин жасөспірімдер арасында өткен .
Педагогикалық ұжым мүшелері мектептің шала біткен құрылыс жұмыстарын аяқтауға қатысып, аянбай еңбек етті. Мектеп айналасын көгалдандыру, оқу кабинеттерін жабдықтау жұмыстарын істеп, жаңа ашылған мектептің қалыптасуына зейнеткер-ардагер ұстаздар Р.У.Ким, Р.И.Ибраева, А.Шағдарова,М.О.Тоқсанбаева, Э.А.Пак, Н.А.Дауылбаева, П.А.Болғанбай, З.Х.Саменова т.б. сол жұмыстың басы-қасында болып, өз үлестерін қосты.

Чагай Руслан Петрович 1953 жылы 4 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1960-1964 жылдары №3 орта мектепте, 1964-1970 жылдары №4 орта мектепте оқыған.
1970 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі.
1974 жылы Қызылорда қаласындаrы №4 орта мектепте еңбек жолын бастайды.
1974-1975 жылдың желтоқсан айына дейін әскер қатарында болды. Әскерде жүргенде комсомол комитетінің хатшысы міндетін атқарған.
1975–1979 жылға дейін №235 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1979-1985 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. 1985-1988 жылдары аралығында №7 орта мек- тептің директоры қызметін атқарды.

Махатова Нұржамал Жамалқызы 1952 жылы 19 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.
1969-1974 жылдары қыздар педагогикалық институтында оқып, та рих пәні бойынша білім алған.
1974-1977 жылдары Алматы архитектура және құрылыс институ тында комитет хатшысының орынбасары;
1976-1980 жылдары Қызылорда қаласындаrы №7 орта мектебінде тарих пәні мұғалімі;
1980-1986 жылдары қалалық білім бөлімінің әдіскері;
1986-1988 жылдары №7 орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
1988-1998 жылдары №7 орта мектебінде басшылық қызметте болған.

Жаңақорған кентінде дүниеге келген.
1987 жылы Қызылорда қаласындаrы №12 І.Қабылов атындағы орта мектепті бітірді.
1987-1991жылдары Қызылорда қаласындаrы педагогикалық училищеге «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірді.
1991-1995 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын бітірген.
1993 жылы Қызылорда қаласындағы 1 Май атындағы мектеп-лицейінде дене шынықтыру пән мұғалімі;
1995-1997 жылдары бизнес-лицейде орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары;
1997-1998 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінде маман, мектеп инспекторы; 08.04.1998 жылы Қызылорда аласындаrы №7 орта мектеп директоры.

Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна 1965 жылы 8 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1989 жылы КОПИ-ді бітіріп, ағылшын және неміс тілінде оқып білім алған.
1989-1990 жылдары №211 мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі;
1990-1991 жылдары №7 орта мектеп мұғалімі;
1991-1993 жылдары №235 орта мектеп мұғалімі;
1993-1994 жылдары №187 орта мектеп мұғалімі;
1994-1997 жылдары №235 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
1997-1999 жылдары білім бөлімінің басшы орынбасары;
1999-2013 жылдары №7 орта мектеп директоры.

Шуренов Алтынсары Алекеевич 1955 жылы 20 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1973-1974 жылдары Қызылорда қаласында құрылыс саласында жұмыс істеген.
1974-1976 жылдары Кеңес әскері қатарында болды.
1976-1981 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында оқып, физика-математика факультетін бітірген;
1981-1986 жылдары №253, №43 орта мектептерінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.
1986-1991 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінде мектептердің инспекторы болып жұмыс істеген.
1991 жылдан бастап №212, №39, №222, №197, №217, №7 мектептерде директорлық қызметте болған.

Ежетаева Күләш Тұрсынқызы 1959 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы, Шәкен ауданы, Қазақстан совхозында дүниеге келген.
1981-1982 жылдары №233 мектептің Пионер вожатый қызметінде;
1982-1983 жылдары №10 орта мектепте химия, биология пәні мұғалімі;
1983-1985 жылдары №145 мектепте химия, биология пәні м rалімі; 1993-1995 жылдары №1 мектеп-лицейінде химия пәні м rалімі;
1995-1998 жылдары №1 мектеп-лицей директорының орынбасары;
1998-2007 жылдары №1 мектеп-лицей директоры;
2007-2009 жылдары №257 мектеп директоры;
2009-2013 жылдары №15 мектеп-лицей директоры;
2013-2015 жылдары №264 мектеп-лицей директоры;
2015-2016 жылдары №7 орта мектеп директоры;
2016 жылдан бастап зейнеткерлікте.

Шамшатова Ануза Аманжолқызы 1970 жылдың 25 тамызында Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.
1977-1987 жылдары аралығында №41 М.Ломоносов атындаrы орта мектепті тәмамдап,
1988-1993 жылдары Қорқыт ата атындағы педагогикалық институтының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен методикасы» факультетін бітіріп, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шықты.
1987-1988 жылдары №41 М.Ломоносов орта мектебінде аға пионер вожатыйлықтан бастап, 1991 жылы Т.Жүргенов атындағы №136 орта мектепте кітапханашы, 1991-1994 жылдары Тасбөгет кентіндегі №176 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болды.
1994 жылы №7 орта мектепте мұғалім, 2007 жылдың 3 мамырынан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2008-2009 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2017 жылы мектеп директоры қызметін атқарды.

Абдазиева Гульзира Мажитовна 1971 жылы 9 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетіне түсіп, «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын алып шыққан.
2015 жылы Астана қаласындағы қазақ гуманитарлық заң университетіне түсіп, «Заңгер» мамандығын алып шықты.
01.09.1988ж. — 01.12.1988ж. Жалағаш ауданындағы №31 орта мектепте тәлімгер;
01.12.1988ж, — 01.10.1992ж. Жалағаш ауданындағы №201 орта мектебінің аға тәлімгері;
01.10.1992ж.-19.03.2001ж. Қызылорда қаласындағы №187 орта мектепте орыс тілі пәні мұғалімі;
19.03.2001ж.-03.12.2009ж. №7 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
03.12.2009ж.-11.08.2016ж. №211 орта мектептің директоры;
11.08.2016ж.–01.09.2021ж. №235 орта мектептің директоры;
01.09.2021ж. – 03.11.2022ж. № 7 мектеп-лицейінің директоры;
03.11.2022ж. бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Білім бөлімінің басшысы қыз метін атқаруда.

Садыкбекова Анжелика Акмурзаевна 1966 жылы 10 сәуірде Өзбекстан Республикасының Самарканд қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Қызылорда қаласындаrы Н.В.Гоголь атындаrы педагогикалық институттың неміс және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген, білімі жоғары.
1988 жылы Қызылорда медициналық училищесінде ағылшын пәнінің мұғалімі;
1990 жылы №198 орта мектебі директорының орынбасары;
2013 жылы 13 желтоқсаннан бастап аталған мектептің директоры;
04.01.2023 – 16.08.2024 жылдардағы уақыт аралығында №7 мектеп-лицейінің директоры қызметін абыроймен атқарды.
Мектеп тарихында «Алтын белгі» иегерлері:
-Абдреева (1984ж)
-Абдуллаева Жұлдызай (2008ж)
-Қожамжарова Ләззат (2011ж)
-Омаров Бауыржан (2012ж)
-Нұртасова Беназир (2013ж)
-Махаш Нұрболат, Жакенова Ардақ (2015ж)
-Өтеш Жаснұр (2017ж)
-Тұрсынбай Әсел (2018ж)
-Кенжалиева Ләйлә (2019ж)
-Гичиева Диана (2020ж)
-Денисов Артем (2020ж)
-Әбдіғаппар Дильназ (2022ж)
-Ахметәліұлы Ақтілек (2023ж)
-Әліш Ақәділ, Кудиярова Жанель, Қуаныш Зәуре (2024ж).
«Үздік аттестат» иегерлері:
-Маханбет Луиза (2017ж)
-Бутантаева Айжан (2019ж)
-Наурызбаев Сұлтан, Досмағанбетова Анель, Орынбасар Альбина (2020ж)
-Султанова Аяулым, Джусупова Балнур, Должанская Кристина, Еркін Сабина, Ли Виктория, Ходанович Камила (2021ж)
-Бүркітбай Айдын, Қойшыбаев Бекзат, Олжатай Ақнұр, Серікқызы Айзада, Амирханова Сара, Ким Татьяна (2022 ж)
-Ғабит Рамазан, Ғабит Шахмардан, Дүйсембайұлы Ахмедали, Зиадин Нұрай, Ли Даниэль, Ким Ильяна (2023ж)
-Жолдас Нұрай, Базарбай Назгүл, Оспан Әсем, Мажит Айзере, Қуанышбек Нұрай, Ержас Мадина, Абенова Нұрай, Саттарқызы Томирис (2024 ж)
Қазіргі таңда мектепте 2036 оқушы білім алады. Сынып комплектісі – 85, сынып кабинеттері – 47. Мектепте қазіргі заман талабына сай жабдықталrан химия, биология, физика, информатика, STEM кабинеттері, coworking, кітапхана, асхана оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетеді. Барлығы 195 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімді — 190, арнаулы орта — 5, педагог – зерттеуші – 61, педагог – сарапшы – 37, педагог – модератор – 70, санатсыз – 26, жоғары санаттысы –1.
Мектептің ұлағатты ұстаздары:

Әлібаева Ұлбосын Әбжанқызы 1962 жылы 28 желтоқсанда туған. Білімі жоғары, педагог-зерттеуші. 1980 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Физика және математика» факультеті бойынша бітірген. 2005 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы 7 мектеп-лицейінде физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Жұмыс барысында бірнеше рет Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» және 2016 жылы Нұр Отанның «Құрмет грамотасымен» және «Жаңа инновациялық педоқуға» қатысып баяндама оқығаны үшін «мақтау қағазымен» марапатталды.
Осы аралықтарда бірнеше тақырыптағы материалдары жарыққа енді («Ізденіс жолы» Республикалық ғылыми, ақпараттық – танымдық, педагогикалық журналында «Заман талабы – ақпараттық технология, 2018 жылы ІІ Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияда «физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану) тақырыбында жазылған мақаласы жарыққа еніп, сертификат алды. Осы жылы жарық көрген №7 мектеп-лицейнінің білім шаңырығында ұстаздардың өмір дерегі жазылған «Мектептің-40 жылдық тарихындағы 100 есім» атты жинаққа енді. 2019 жылы Қызылорда қаласының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2021-2022 оқу жылында Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде 7 сынып оқушысы Серғазы Анель марапатталды.
2022-2023 оқу жылында Республикалық юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде 7 сынып оқушысы Ерланұлы Мұрат 2 орынмен марапатталды.
2023-2024 оқу жылында Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 8 сынып оқушысы Ерланұлы Мұрат 3 орынмен марапатталды.
Әлібаева Ұлбосынның оқушылары «Алтын белгі» , үздік аттестат, ЖОО грант иегерлері атануда.

Абылбекова Баян Рахатовна 1966 жылдың 1 ақпанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, біліктілік санаты — «педагог-зерттеуші». Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да наградалармен марапатталған.
2018 ж – Қызылорда қаласының білім бөлімі – Құрмет грамотасы
2018 ж – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары – Алғыс
2019 ж – Қызылорда қаласының әкімі– Алғыс хат
2019 ж – Қызылорда қаласының білім бөлімі – Құрмет грамотасы
2022 ж – Қызылорда облыстық білім басқармасы – Құрмет грамотасы
2023 ж – Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының – Құрмет грамотасы

Кенжалиева Гүлжанат Абатқызы 1963 жылы 12 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Ақай елді мекенінде дүниеге келді. С.М.Киров атындаrы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің 1985 жылғы түлегі. Қазіргі кезеңде Қызылорда қаласындаrы №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-шебер ұстазы.
Кенжалиева Гүлжанат 2013 жылы Қызылорда облысы әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне тағайындаған сыйақысының жүлдегері, миллионер ұстаз.
2016 жылы ҚР Білім және Fылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. «Өлкетану» оқулығының авторларының бірі. Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері.

Шамахова Гүлбану Ибраевна
1968 жылдың 16 сәуірінде Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, теориялық білімі нық, методикалық шеберлігі заман талабына сай маман иесі. Мұғалімнің оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар бере білуінің нәтижесінде оқушылары филология мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында білім алып, біразы осы салада қызмет жасауда.
Гүлбану ұстаз оқу іс-шараларын тиімді жоспарлап, қалалық,облыстық семинарларда жоғары дәрежеде ашық сабақтар өткізіп жүрген мақтаулы ұстаз. Осындай өткізген сабақтары «үлгілі сабақ» деп танылып республикалық баспа беттерінде жарияланып жүр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушы даярлауда жақсы нәтижеге жетіп келеді. Оқушылары жоғары көрсеткішпен көріне білуде. Жетекшілік жасайтын сынып оқушылары түрлі халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім сайыстары мен спорттық жарыстарында мектебіміздің мерейін асыруда. Еңбек кітапшасына бірнеше рет алғыс жарияланды. Шығармалар байқауы, баяндама жазу, мәнерлеп оқу сайыстарында оқушылары үлкен жетістікке жетіп келеді. ББЖКБАРИ-(РИПКСО)-ң Құрмет грамотасымен, бірнеше рет ОББҚБАЖҚДИ-ң Алғыс хатымен, қалалық , облыстық білім беру бөлімінің «Құттықтау» қағазымен марапатталған. Шығармашыл ұстаз өзінің еңбекқорлығының арқасында әріптестеріне үлгі. Өмірде қарапайым мінезімен, адал ісімен достары арасында сыйлы. Ата-аналар мен оқушылар тарапынан Гүлбану жайлы әрқашан жақсы лебіздер естуге болады. Г.Шамахова — қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп, әріптестеріне нағыз педагог ретінде танылған тұлға.
2011- 2016ж аралығында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі. 2001-2017 аралығында мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшілігін атқарды. 2017 жылдан бері мектеп тренері жұмысын атқарған.

Килибаева Рауа Маликовна орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, мектеп тренері.
1963жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1988ж. Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына ие болды.
Облыстық білім бөлімінің жолдамасымен мамандығы бойынша Қызылорда қаласының №12 орта мектебінде ұстаздық қызметін бастады.
1992 ж. бастап №7 мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен үздіксіз дәріс беріп келеді.
2000-2017 жж ұстаздықпен қатар 17 жыл бойы бірлестік жетекшілік қызметін қоса алып жүрді.
2016 жылы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын сәтті аяқтап, қыркүйек айнан бастап мектеп тренерінің жұмысын атқарып келеді.
2016ж. 25-27 қараша айында өткізілген «Ең үздік тренинг» тақырыбындағы Республикалық конкурста I орынға ие болды.
2017ж. Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық білім қызметкерлерінің Ассоциациясы ұйымдастырған ғылыми – практикалық конференциясында баянда оқып, оның ішінде мемлекеттік қазақ тілінің маңыздығын насихаттап, материалдарың жариялағаны үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.
Килибаева Рауаның оқушылары пәндік олимпиадалар мен rылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарrа ие болып, ҰБТ жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Самуратова Галия Икласовна 1964 жылы 19 маусымда дүниеге келген. Орыс тілі әнінің мұғалімі, біліктілік санаты педагог-зерттеуші.
-2016 жыл Республикалық олимпиаданың II кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 орын иеленгені үшін Алтынбек Меруерт пән мұғалімі Самуратова Г.И. Қызылорда қаласы әкімдігі, Қалалық білім бөлімінен;
2016 жыл Қалалық білім бөлімінің Дипломы Қалалық театрландырылған фестивальда 2_орын иеленгені үшін
2019 жылы «Развитие функциональной грамотности по русскому языку по обновленной программе» атты авторлық бағдарлама республикалық деңгейде жарияланғанын растайтын сертификат
2019 жылы «Оқушылардың танымдық және шығармашылық ізденістерін дамыту жолдары» жинағына оқушысы Сейтмагамбет А. «Афоризмы из басен Крылова в наши дни» зерттеу жұмысына жетекшілік жасады;
2019 жыл — Қызылорда қаласының білім бөлімінің Құрмет Грамотасы
2019 жыл — Білім және Ғылым Қызметкерлері Кәсіподағының Облыстық Комитетінің Құрмет Грамотасы
2019 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хаты
2021 жыл, мамыр- Қызылорда қаласы білім бөлімі Қалалық білім қызметкерлер кәсіподақ комитеті Құрмет Грамотасы
2021 жыл – Калалық мәдениет және тіл дамыту Орталығы 2 дәрежелі Диплом Мәнерлеп оқудан қалалық сайыста Сейтмахамбет Азамат, жетекшісі Самуратова Галия
2022 жыл – Республикалык олимпиаданың 2 кезеңінде II орын иеленгені үшін «қ сынып оқушысы Мырзанова Аружан, пән мұғалімі Самуратова Г.И.
2022 жыл – Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілген ғылыми-практикалық байқауда II орын иеленгені үшін Диплом Сейтмахамбет Азамат, жетекшісі Самуратова Галия

Жаканова Бакира Кәрімбердіқызы
1967 жылы 30 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, қазіргі Тұрмаrамбет ауылында дүниеге келген.
1974 жылы осы ауданның Жаңажол ауылына қарасты №107 «Комсомол» атындаrы орта мектептің 1-сыныбына қабыл- данып, 1984 жылы мектепті үздік аттестатпен аяқтаrан.
1984 – 1989 жылдары аралыrында Қызылорда қаласындаrы Н.В.Гоголь атындаrы педагогикалық институтының «Музыка және педагогика» факультетіне түсіп, институт қабырғасында «Сыр сұлуы» ән-би ансамблінің белді мүшесі бола білді.
2011 жылы музыка пәні мұғалімі Жаканова Бакира қала әкімінің
«Yздік мұrалім-2011» грантына ұсынылып, «Диплом» және 150000 теңге сыйақыға ие болды.

Искакова Ботагоз Турсынхановна 1967 жылы мамыр айында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтына түсіп, 1990 жылы биология және химия мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Педагогика саласындаrы еңбек жолын Қызылорда қаласындаrы №7 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады.
Ботагоз Турсынхановна сабақ беретін оқушыларының жетістіктері жайлы айтар болса: оқушылары пәндік олимпиадалардан, rылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарrа ие болып, химия және биология пәндерінен грант иегерлері атанып жүр.
2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған химия пәнінен Республикалық қашықтық олимпиада жүлделі орын алғаны үшін І дәрежелі Дипломымен Хан Наталья, Денисов Артем, Ким Яна, Нұрқожа Айгерім марапатталды.
2021ж 11 сынып оқушысы Алпысбаев Алишер Республикалық пәндік олимпиаданың биология пәнінен қалалық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болды.

Издибаева Курма Абилкасимовна 1971 жылы 18 наурызда Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан АССР-і, Хожелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, педагог-зерттеуші.
2020ж «Үздік педагогі-2020» І дәрежелі Диплом «Bilim- Orkenieti»
2020ж «Озат педагог» төс белгісі
2022ж «Қазақстанның жыл мұғалімі-2022» І дәрежелі Диплом «Bilim- Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми орталығы
Қазақстан Республикасы«Bilim- Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми орталығы Білім саласына қосқан айырықша еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі»
Қызылорда облысының Әйелдер Күштерінің Альянсы «Алғыс хат»
2018ж «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медаль
2019ж Облыстық Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен
«Үлгілі қысқа мерзімді жоспарлау» тақырыбында «Алғыс хат»
2016ж Облыстық білім басқармасы «Алғыс хат»
2017ж Қалалық білім бөлімі «Алғыс»
2019ж «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық бірлестігінің 10жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі Ел, Қазақстаным!» турнирі «Алғыс хат»
2019ж «Nio» Республикалық Ұлттық интернет олимпиадаға оқушы дайындағаны үшін «Алғыс хат»
2020ж «Ustaz tilegi» Халықаралық ұстаздар арасында биология пәнінен «ІІ дәрежелі Диплом»
2020ж «Ustaz tilegi» Халықаралық ұстаздар арасында биология пәнінен «ІІ дәрежелі Диплом»
2020ж «Ustaz tilegi» Республикалық ұстаздар сайтында «Мамыр» Республикалық Блиц-Турниріне қатысқаны үшін «ІІ дәрежелі Диплом»
2020ж «Ustaz tilegi» Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін «Сертификат»
2020ж «Reo» kz сайты « ІІІ дәрежелі Диплом»
2020ж ККО Халықаралық қашықтық олимпиада «ІІ дәрежелі Диплом»
2020ж «Nio» Республикалық Ұлттық интернет олимпиада «ІІІ дәрежелі Диплом»
2020ж «Daryn online» « Кемеңгер Ұстаз» олимпиада «ІІІ дәрежелі Диплом»
2020ж www.Edlife. kz қашықтық олимпиада «ІІ дәрежелі Диплом»
2021ж «PEDOLIMP» халықаралық қашықтық олимпиада «Диплом»
2021ж Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығы «Сертификат»
2021ж Қызылорда қаласы әкімі «Алғыс»
2021ж Қызылорда қаласы әкімі «Сертификат» 150000 теңге сыйақысы
2023ж «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қоры «Болашақ құзыреттіліктерді дамыту: білім берудегі инновациялар» білім беру қызметкерлеріне арналған Республикалық ғылыми – практикалық тамыз конференциясына қатысқаны үшін «Сертификат»
2024ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Алғыс хат»
2024ж Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті К. Сәдуақасқызы атындағы «Химиялық білім беру» ғылыми- әдістемелік орталығы «Сертификат»№13 Әдіскер ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Күлбарам Сәдуақасқызының 80 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы жаратылыстану -ғылыми білім беруді трансформациялау» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық жұмысында мазмұнды баяндама жасағаны үшін
2024ж Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті К. Сәдуақасқызы атындағы «Химиялық білім беру» ғылыми- әдістемелік орталығы «Әдіскер ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Күлбарам Сәдуақасқызының 80 жылдығына арналаған апталық аясында жүргізіліген іс- шараларға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат»№3 —1балл
2024ж «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қоры «Түркістан ғылым фестивалі: жастар әлемді зерттейді» «Алғыс хат»

Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы 1966 жылы 17 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Білімі жоғары, педагог-зерттеуші. 1990 жылы Н.В.Гоголь атындағы пединститутын «ПМНО» факультеті, бастауыш сынып, осымша орыс тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.
2009 жылы Төлепбаева Гүлмира облыс әкімінің «Yздік мұғалім-2009» номинациясы бойынша ұйымдастырылған грантқа қатысып, ІІ дәрежелі дипломымен және 150000 теңге сыйақыға ие болды.
2014 жылы Төлепбаева Гүлмира облыс әкімінің «Yздік мұғалім» номина-
циясы бойынша грант иегері атанып, 1 000 000 (бір миллион) теңге сыйақыға ие болып, «Миллионер ұстаз» атанды.
Гүлмира Әбдіғапбарқызының оқушылары «Алтын белгі», «Үздік аттестат», ЖОО грант иегерлері қатарында.
Қазіргі таңда Төлепбаева Гүлмира мектептегі ұстаздықпен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің болашақ мамандарына дуальды оқыту бойынша дәріс беріп, тәжірибе тарату жұмыстарын сәтті жүргізуде.

Джумадуллаева Дилфуза Исмаиловна 1965 жылы 27 маусымда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылында дүниеге келген.
2018 жылы «Математика» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін Алғыс хат;
2021 жылы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Құрмет грамотасы;
2021 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының құрмет грамотасы;
2021 жылы Облыстық жастар ресурстық орталығынан алғыс;
2021 жылы Қызылорда облысының әкімінен алғыс;
2021-2022 оқу жылы “Пони” халықаралық байқау жеңімпаздарын дайындағаны үшін диплом;
2021 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында “Жас ғалым 2021” атты Республикалық оқушылар арасында өткен ғылыми жоба байқауына үлес қосқаны үшін алғыс хат;
2021 жылы Республикалық “Жылдың үздік авторы 2021” атты шығармашыдық байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі диплом;
2023 жылы “Абай” пәндік олимпиададсының қалалық кезеңіне үздік оқушыларды қатыстырып білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін диплом;
2023 жылы “Балбұлақ” Республикалық №514 бұйрық негізіндегі “Абай оқулары” оқушылары қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін диплом;
2023 жылы «Альянс» әйелдер қоғамдық қорының алғыс хаты;
2023-2024 оқу жылында “Пони” халықаралық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.

Жолдыбаева Гаухар Сейдуллақызы 1967 жылы 28 тамызда дүниеге келген.
1989 жылы Қызылорда педагогикалық институтының ағылшын-неміс тілдері факультетін бітірген. Білімі жоғары, педагог-зерттеуші.
1998 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда. Гаухар Сейдуллақызы еңбек жолында жетістіктерге жеткені ушін марапатталған. 2019 жылы Қызылорда қаласы әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.
2019 жыл Қызылорда қаласының білім бөлімінің Дипломымен марапатталған. Гаухар Сейдуллақызының шәкірттері қазіргі кезде турлі сала мамандары. Олардың арасында «Алтын белгі», «Үздік аттестат», Халықаралық «British Bulldog» конкурсының, Республикалық зияткерлік олимпиада жулдегерлері, Спорт саласына өзіндік зор улесін қосып журген футболшылар да ұстаздың суйікті шәкірттері. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолында, заман талабына сай, қоғамға лайықты, білімді, бәсекеге қабілетті шәкірттерді тәрбиелеу — басты мақсаты.

Базарбаева Сауле Дуйсенбековна 9 қараша 1966 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Ағылшын пәнінің мұғалімі. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, біліктілік санаты «педагог-зерттеуші».
2017-2018 жылы 18 Қыркүйегінде Қазақстан тіл мерекесіне қарай “Үштұғырлы тіл” тақырыбында Қалалық семинарында кіріктірілген ашық сабақ мына тақырыпта берілді «Almaty,its places of interest».
2017 жылы – Алғыс хаты «Білім жетістіктері” Республикалық әдістемелік журналында құнды сабақ және мақала жариялағаны үшін.
2018 жылы – «Нұр Отан» партиясынан Алғыс.
2018 жылы – «Мектептің 40 жылдық тарихындағы қадірлі 100 есім» кітабына енді
2018-2019 жылы — Республикалық Олимпиаданың қалалық кезеңінен 9 сынып оқушы Абдығаппар А. — II орынға иеленді.
2019 жылы — Алғыс Қалалық Білім бөлімінен
2019 жылы – «Жас Дарын» Республикалық дарынды және талантты оқушыларға арналған интернет ресурстан Диплом.
2019 -2020жылы — Республикалық Олимпиаданың қалалық кезеңінен 10 б сынып оқушысы Ли Виктория. — III орынға иеленді
2019-2020 оқу жылы Халықаралық «British bulldog» конкурсында оқушылары: Алтынбек Фатиха, Бауыржанұлы Есімхан 5г сынып- I орынға, Жусупбек Амина 8г, Берік Жанель – II орынға иеленді
2019 жылы –« Жаңартылған білім – заман талабы» әдістемелік оқу құралы жарыққа шықты.
2019 жылы – «Жас Дарын» Ғылыми жобалар жинағы кітабына енді.
2019жылы — Халықаралық лингвистикалық «Кенгуру- лингвист» конкурсына 6е сынып оқушылар Гафуров Мухаммедали және Кулмаганбетов Ерталап, 4 сынып оқушылар Берік Жанель 4д, Маратқызы Аянат 4е, қатысып I- орынға ие болды.
2020ж. 20.05- III дәрежелі Диплом- Daryn.online платформасында I Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасының жүлдегері 8а сынып оқушысы Жулдыз Бауыржанқызы
2020 – 2021жыл “FLEX”- Халықаралық конкурста 11 б сынып оқушысы Бимаханова Нұрай– I,II, III турға қатысып женімпазы және грант иегері болып атанды.
2020-2021 оқу жылы 31.12 откен Халықаралық «British bulldog» конкурсында оқушылары; Ли Виктория 11б, Цой Анжела 8д I орынға иеленді, Садыкова Дана 8д II орын, Ходанович Камила 11б III орын
2021 жылдың ақпан айында Республикалық Олимпиаданың қалалық кезеңінен 11 б сынып оқушысы Ли Виктория – I орынға иеленді, Облыстық кезеңде III орынды олжалап қола медаль иегері атанды .
11 сынып оқушысы I орын иеленгені үшін Диплом Қалалық Білім бөлімінен
2021 жылы наурыз айы Алғыс Қала әкімінің
2021 жылы мамыр айы Құрмет грамотасы Облыстық кәсіподағының комитетінен
2021 жылы қазан айы кәсіптік мейрамында награда түрі АЛҒЫС ХАT ҚР Білім және ғылым министрінің
2024 жылы Дарын “Ақбота” зияткерлік олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен Батыржанқызы Камшат
2024 жылы “Әл-Фараби” олимпиадасының Республикалық кезеңінде І орын дипломмен Темірбек Нұрасыл марапатталды.

Ізбақыш Бейбіткүл Оңдасынқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын №146 негізгі мектепте тәлімгер болып бастады. Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.
2018 жылы Республикалық «Бейбітшілік әлемі» «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында Шәкәрім
Құдайбердіұлының 160 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел — Қазақстаным!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында шәкірттерінің ғылыми жобаларына жетекшілік еңбегі үшін Ізбакыш Бейбіткүл Оңдасынқызы «Құрмет Грамотасы» және қазақ хандығына 550 жыл атты төс белгісімен марапатталды.
2018ж. Дүниежүзі тарихы бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту әдістемесі» тақырыбындағы сабағы республикалық жинаққа енді.
2019ж оқушыларға педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Ұстаздар Одағының «Құрмет Грамотасы» және «Қазақ Хандығына – 550» жыл медалімен марапатталды.
Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Үздік тарих пәнінің мұғалімі-2019» атты инновациялық байқауда «Құрмет грамотасы», «Үздік тарихшы» төсбелгісімен марапатталды.
Бейбіткүл Оңдасынқызы «Алтын кітап» атты Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет қызметкерлеріне арналған энциклопедиясына енді. Сонымен бірге Үздік педагог төсбелгісімен марапатталды.
Ізбакыш Бейбіткүл Оңдасынқызының оқушылары Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын тәрбиелеп, қалалық, облыстық қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көптеген жетістікке ие болып жүрген ұлағатты ұстаз.

Ибрагимов Бейбут Умирзакович
1970 жылы Қызылорда қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Жанұялы, екі қыз, екі ұлдың әкесі.
1977-1985 жылдар аралығында мектеп қабырғасында білім алып,
1985-1989 жылдар аралығында техникумда оқып шығады.
1989-1991 жылдары Отан алдындағы міндетті борышын өтейді.
1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих құқық және экономика негіздері» мамандығына түсіп, 2000 жылы тәмамдады. 2003 жылы Қазақ ұлттық құрылыс академиясын «заңгер сарапшы» мамандығы бойынша білім алып,
2005 жылы аяқтады.Жалпы еңбек өтілі 35 жыл, соның ішінде педагогикалық еңбек өтілі 15 жылды құрайды.
2017 жылдан бастап №7 мектеп-лицейінде орыс сыныптарында тарих және құқық пәндерінен дәріс беруде. Сонымен қатаp, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін абыроймен атқарып келе жатыр. Оқушылары түрлі пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ретінде жоғарыдан көрінуде.

Омарова Малика Мінайдарқызы 1975 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
1992 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың дене тәрбиеелу мәдениеті институтына түсіп, осы аталған жоғары оқу орнын «Дене тәрбиелеу мәдениеті» мамандығы бойынша 1997 жылы бітіріп шықты.
1994 жылы №46 А.С.Пушкин атындағы қазақ орта мектебінде еңбек жолын дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастайды.
2000-2001 оқу жылынан бастап Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқарады.
2019 жылы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының Чемпионатында ІІІ орын жеңіп алды.
2019 жылы Облыстық мұғалімдер спартакиадасында баскетболдан I орын иеленді.
2021 жылы қалалық Президенттік көпсайыстан І дәрежелі диплом
2021 жылы Ресей Казань ұлттық жартылай марафонында І орын иеленді.
2022 жылы Қызылорда облыстық баскетбол федерациясы Президентінен «Үздік жаттықтырушы» номинациясы Диплом
2022 жылы президенттік көпсайыстың күш гимнастикасынан қалалық ашық біріншілікте ІІІ дәрежелі диплом
2022 жылы президенттік көпсайыстың жүзуден қалалық ашық біріншілікте ІІІ дәрежелі диплом
2022 жылы президенттік көпсайыстың жүгіру жарысынан қалалық ашық біріншілікте ІІІ дәрежелі диплом
2022 жылы Республикалық стритбол турнирі І дәрежелі диплом
Қазіргі таңда Омарова Малика №7 мектеп-лицейіндегі тәжірибелі, үлгілі ұстаздардың бірі. Шәкірттері қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстардың барлық түрлерінен жеңімпаз болып жүлделі орындарға ие. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырады, оқушының тәрбиелі, жан-жақты болуына, белгілі бір қабілеті бар тұлға ретінде қалыптастырады.
Мектеп жетістіктері:
2021ж. – бастауыш сынып мұғалімі Ешпанова Жадыра Жеткербайқызының 4 сынып оқушысы Әзербай Нұрсезім Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы атанып, республикалық кезеңінен де І орын иеленді.
2021ж. – бастауыш сынып мұғалімі Бектемисова Менсулу Мухамеджановнаның 3-сынып оқушысы Қонақбаев Санжар Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде І орын жеңіп алып, облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иеленді
2021ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Андакулова Марал Балтабаевнаның 10-сынып оқушысы Бүркітбай Айдын Республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде жүлделі І орын иеленді.
2021ж. бастауыш сынып мұғалімі Жакыпова Назым «Үздік жаратылыстану пәнінің мұғалімі-2021» кәсіптік байқауында жүлделі ІІ орын иеленді.
2021ж. бастауыш сынып мұғалімі Бектемисова Менсұлу Мухамеджановна «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2021» кәсіптік байқауында жүлделі ІІ орын иеленді.
2022ж. бастауыш сынып мұғалімі Дарменова Алина Турарбековна «Үздік жас маман-2022» байқауының қалалық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иеленді.
2022ж бастауыш сынып мұғалімі Дарменова Алина Турарбековнаның 2-сынып оқушысы Амангелді Айсана Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінде І орын жеңіп, республикалық кезеңінде «Алғыс» иеленіп келді.
2022ж. бастауыш сынып мұғалімі Ниязбаева Алма Рахатовнаның 2-сынып оқушысы Ким Лия Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын иеленді.
2022ж. музыка пәнінің мұғалімі Жаканова Бакира Каримбердиевнаның Республикалық «Жайдары жаздан естелік» атты онлайн өнер және шығармашылық байқауына 4 «а» сынып оқушысы Бақыт Іңкәр қатысып, эстрадалық вокал номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атағы мен «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды.
2022ж. дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ідірісова Айгерім республикалық үстел үсті теннисі бойынша мұғалімдер спартакиадасында жүлделі ІІ орын иеленіп, «Үздік спортшы» атағына ие болды.
2022ж. тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Балзира Мешітбаевна «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленді.
2022ж. бастауыш сынып мұғалімі Төрехожаева Мархабат «Үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі-2022» кәсіптік байқауының қалалық кезеңінде І орын иеленді.
2022ж. өткен үстел теннисінен республикалық мұғалімдер спартакиадасында 2-орын иегері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ідірісова Айгерім ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломымен марапатталды!
2023ж. еліміздің барлық аймақтарындағы мектеп оқушыларының ішінен дарынды балаларды анықтап, қолдау білдіру мақсатында «Ел үміті» дарынды балалардың «Ұлттық Антологиясы» Республикалық энциклопедиясы жарияланды. №7 мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушысы Ашықбай Даниал қатысып жүлдегер атанды.
2023ж. музыка пәнінің мұғалімі Жаканова Бакира Каримбердиевнаның Республикалық «Beles» өнер байқауында Бақыт Іңкәр өнер көрсетіп вокал номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.
2023ж. – ағылшын тілі пәні мұғалімі Емжар Ақеркенің 4-сынып оқушысы Нугманов Надир Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде І-орын жеңімпаз атанып, облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болды.
2023ж. ағылшын тілі пәні мұғалімі Хамидуллаев Нұрбек «Жаңашыл ұстаз-2023» жас мамандардың кәсіби байқауының қалалық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленді.
2023ж. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Емжар Ақерке қалалық «ТЕД-Х» байқауында жеңімпаз атанып І орын иеленді.
2023ж. бастауыш сынып мұғалімі Айдаулетова Гүлбану Амангелдіқызы «Бастауыш сыныптағы дүниетану пәнінің үздік мұғалімі-2023» облыстық кәсіби байқауының қалалық кезеңінен І-орын иеленді.
2023ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүсіпбекова Гүлімнің 5- сынып оқушысы Батиханова Жібек “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен “Ұлы дала дарыны” атты республикалық байқауда жүлделі І-орын иеленді.
2023ж. Әлем чемпионатында ІІ орын иемденген 8-сынып оқушысы Ашықбай Даниал Азаматұлы таеквондодан «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағын иемденді.
2023ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжалиева Гүлжанат Абатқызының 10 «Ә» сынып оқушысы Бауыржанұлы Айбол ҚР Оқу-ағарту министрлігі, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мен тұратын өңірдің танымал адамдары» атты республикалық байқаудың «Шығармашыл адамдар әлемі» номинациясы бойынша эссе байқауына қатысып, бақ сынады. Қызылорда өңірінен төрт оқушы қатысты. Айбол байқауда ойын өлеңмен жеткізді. Жүлделі ІІІ — орын дипломымен марапатталып, жеңімпаз атанды.
2023ж. Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» байқауына қатысып жүлделі l орын иеленген
2024ж. бастауыш сынып мұғалімі Бабанова Жанат Муратовнаның оқушысы Оразбаева Сабина республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанып, облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленді.
2024ж. – ағылшын тілі пәні мұғалімі Емжар Ақеркенің 5-сынып оқушысы Нугманов Надир Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орынға ие болды және республикалық олимпиадасының қалалық кезеңде ағылшын тілі пәнінен І орын, облыстық кезеңінен І орын иеленіп, республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орын жеңіп алды.
Мектеп оқушылары республикалық пәндік олимпиадасының қалалық кезеңдерінде жақсы нәтижелер көрсетіп, облыстық кезеңінде жүлделі орындар иеленуде.
Киелі білім ордасының оқушылары әлі талай жетістіктерге жететініне сенім білдіреміз!

Бауыржанұлы Айбол, мектеп президенті, 11 «Ә» сыныбының оқушысы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты бағдарламалық мақаласын педагогтармен білім алушылардың арасында өткен “Менің сүйікті ұстазым” атты республикалық байқауының 1 орын иегері
Облыстық “Талантты таны” атты жас ақындар мүшәйрасының ең жас ақыны лауреаты
WKF Karate Ресупбликалық Турнирінің кумитэ бойынша 2 орын жүлдегері
“Ұстаз-ұлы тұлға” Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының “Көркем сөз” жанрында 2 орын
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының иегері, “Білім бұлағы” аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында мектеп оқушылары арасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е.Б.Бекмаханов атындағы 1 Ресупбликалық “Қазақстан тарихы” олимпиадасында 1 орын
Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасының жеңімпазы(1орын)
Рухани Жаңғыру аясында ұйымдастырылған “Ой-сана” республикалық қашықтық олимпиадасының 1 орын иегері
Шығармашыл оқушылар арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауында “Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша белсене қатысып,жеңімпаз атанғаны үшін
Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Информатика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жеңімпазы(1орын)
“ДҮНИЕ ТАЛАНТТАРЫ” Одағының Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай ұйымдастырылған мүшәйраның Бас жүлде иегері
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай каратэден облыс чемпионатында кумитэден 3 орын
“Мәңгі ел, Қазақстаным!” оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде “көркемсөз” жанрында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Бас жүлде
“БЕЛЕС” баспасөз газетінде Жас ақындар мүшәйрасының 1 орын иегері атанып, “Талай әлі белестерге жетемін” өлеңі басылып шықты мақаласы “Менің сүйікті ұстазым” атты республикалық байқауының материалдық жинағына енген
25 қазан Республика күні және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойына орай Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі кафедрасының “Қазақ зиялыларының тағылымы” атты оқушылардың ғылыми жоба байқауындағы “Талаптыға нұр жауар” номинациясы “Кенгуру-математика барлығы үшін” интеллектуалдық ойын-конкурсының жүлделі 1 орын жеңімпазы

Перузхан Әсем, 11 «Ә» сыныбының оқушысы
Жалпы білім беретіе пәндер бойынша республикалық олимпиданың қалалық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 1 орын иегері-10 сынып
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиданың облыстық кезеңіде Қазақстантарихыпәні бойынша 2 орын-10 сынып
Жалпы білім беретіе пәндер бойынша республикалық олимпиданың қалалық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша-2 орын, 9 сынып
9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты V республикалвқ зияткерлерік байқауының қалалық кезеңінде «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 2 орын-9 сынып
Білім саласының ардагері С. Нұртаев атындағы 9-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен өткен олимпиаданың қалалық кезеңінде-1 орын, 9 сынып
Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін айқындай және дамыту мақсатында өткізілген КСРО білім беру ісінің үздігі С.Нұртаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпидада жүлделі 1 орын, 70 мың тг сертификат иегері-9 сынып
Халықаралық ғылым және білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» Республикалық білім сайтының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық «Жас ғалым-2020» ғылыми жоба байқауының — 1 орын иегері, 8 сынып
«Жас ғалым-2020» республикалық ғылыми жобалар байқауының жинағында жобасы жарық көрді.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңінде-2 орын, 7 сынып
«Дарын» қосымша білім беру орталығы, Абылай хан атындағы №140 орта мектебі,«Science factory» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 8 сынып оқушылары арасвнда химия пәні бойынлп өткізілген Облыстық олимпиданың жүлделі-3 орын иегері, 8 сынып
Республикалық олимпиданың 2 кезеңінде физика пәні бойынша-3 орын, 8 сынып
Қызылорда облысының оқушылары арасында ұйымдастырылған үздік «Бизнес — идея» жобасы байқауында-2 орын, 8 сынып
«Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің жүлдегері-2 орын, 9 сынып
«Қазақ зиялыларының тағылымы» атты оқушылардың ғылыми жоба байқауында-«Жас Бейімбеттанушы» номинациясы
Қызылорда облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінен-Алғыс хат, 10 сынып
Республикалық интеллектуалдық ағылшын тілінен «The Champion» олимпидасының-1 орын иегері, 8 сынып
Информатика пәнінен қашықтық олимпиданың-1 орын иегері, 7 сынып
Ағылшын тілінен қашықтық олимпиданың-1 орын иегері, 7 сыны
Сыр Дарыны орталыығы ұйымдастырған оқу-жаттығу жиынынында физика пәні бойынша-Алғыс хат, 9 сынып
«Жас Бітімгер-2024» интеллектуалды сайысы-Алғыс хат,10 сынып
5-7 сынып оқушылары арасында «Ақпараттандыру әлеміне саяхат» атты мультимедиалық фестивалінің-3 орын иегері, 7 сынып
Республикалық «essay in english» атты байқауында-1 орын, 8 сынып
Қолөнер байқауының қалалық кезеңінде-2 орын, 9 сынып
8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ахмет- ұлы ұстаз» қалалық байқауында- Алғыс хат
«Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы» тақырыбындағы облыстық эссе байқауының қалалық кезеңінде-3 орын, 8 сынып
«Тарих-ата» республикалық қашықтық олимпиданың- 2 орын иегері, 9 сынып
«Тарих-ата» республикалық қашықтық олимпиданың-1 орын иегері, 8 сынып
«Жыл оқушысы-2023» жеңімпазы
«Абай» пәндік олимпидасының қалалық кезеңінде қазақ тілі бойынша — 1 орын, 10 сынып
«Абай» пәндік олимпиданың қалалық кезеңінде орыс тілі пәні бойынша — 1 орын, 10 сынып
Ағылшын тілі пәнінен қашықтық олимпидалардың — 1 орын иегері, 5 сынып, 6 сынып, 7 сынып, 8 сынып.

Ильяс Жансая Нұрланқызы 2008 жылдың 4 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2021 жылы №7 мектеп-лицейіне 7 «Ә» сыныбына басқа мектептен ауысып келді, қазіргі таңда 10 «А» сыныбында оқиды. Үлгерімі өте жақсы. Кітап оқығанды, логикалық есептер шығарғанды жақсы көреді. Достарының арасында сыйлы, өз бетінше әрекет ете біледі. Мінезі ашық, адамгершілік қасиеті жоғары.
Жетістіктері:
«Сыр дарыны» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген оқу-жаттығу жиынында математика пәнінен олимпиадаға дайындық курстарына қатысып, МАҚТАУ ҚАҒАЗЫМЕН марапатталды (2022 жылы);
Жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Академик Байзақ Момынбаев атындағы дәстүрлі қалалық олимпиадаға белсене қатысқаны үшін АЛҒЫС;
«Сыр дарыны» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген оқу-жаттығу жиынында математика пәнінен олимпиадаға дайындық курстарына қатысып, МАҚТАУ ҚАҒАЗЫМЕН марапатталды (2023 жылы);
«Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынына қатысушылар арасында жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңінде математика бойынша ІІ ОРЫН иеленгені үшін ДИПЛОМ (2023 жылы);
ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Бисеновтың жүлдесі үшін ұйымдастырылған физика-математика бағытындағы қалалық олимпиадада математика пәні бойынша ІІ ОРЫН иеленгені үшін ДИПЛОМ;
С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицей базасында ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов атындағы математика бойынша 9 сынып оқушыларына өткізілген қалалық олимпиадасында жүлделі ІІ ОРЫН иеленіп, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің құрылтайшысының БІЛІМ ГРАНТЫ табысталды.