Абыройлы еңбекпен — құрметті зейнетке! Қалдырған ізің мәңгілік.

Бала жүрегіне жол тауып, білім дәнін себетін ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер ұстаз, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері Гулжанат Кенжалиева Абатқызын мерейлі мереке қарсаңында марапат төрінен көрінген аяулы ұстазымызды зейнетке шығу жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, енбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…
Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген.
