10.05.2024
«АЙБЫН-2024» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңінен №7 мектеп-лицейінің дарынды шәкірті Серікбай Ернұр I-орын иеленіп, РЕСПУБЛИКАҒА жолдама алды. Енді шәкіртіміз Алматыда өтетін жарыста бақ сынайтын болады. Облыстық құрамада Қызылорда, Жаңақорған, Қазалы, Арал, Шиелі командаларының оқушылары өнер көрсететін болады.
Шәкіртіміз Ернұрды және жетекшісі Дүйсенбаев Нұржан Батырбекұлын жеңісімен құттықтаймыз!
Қайтпас қайсар мінезі бар, болашағынан көп үміт күттірер шәкіртімізге, республикалық сайыста да биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз.
