Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің әдістемелік отырысы

№7 мектеп-лицейінде aлғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен әдістемелік отырысы өткізілді.
Шарада Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Еркебұлан Ахметұлы сөз кезегін алып 2023-2024 оқу жылында өте жақсы жұмыстар жасалғандығы жайлы атап өтті. Ал сайыстарға келетін болсақ – «Айбын», «Жас ұлан», «Әскерге шақырылушы – 2024» әскери – патриоттық сайыстарының қалалық, облыстық және республикалық деңгейде керемет жетістікке жеткендері жайлы айта отырып, жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылына мұғалімдерге сәттілік тілеп, 2024-2025 оқу жылына атқарылатын жұмыс барысымен қысқаша таныстырып өтті.
Сондай-ақ секция отырысында №7 мектеп-лицейінің АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Дүйсенбаев Нұржан Батырбекұлы “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының лауазымдық міндеттердің бұйрықтарымен таныстыра отырып талқыға салды.
Еркебұлан Ахметұлы сөз кезегін алып, алда үлкен іс-шара өткізілгелі жатқанын айтып, 2024 жылдың 19 қыркүйегінде Облыстық деңгейде әскери — патриоттық бағытта ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» кездесу шарасын талқыға салды. Ұйымдастыруға және өткізуге жауапты АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларын бекітті.
Жиын соңында мұғалімдер өзара пікір алмасып, жоспарларымен бөлісті.


