«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУ — ӨТКЕН ТАРИХТЫ ҚҰРМЕТТЕУ»
№7 мектеп-лицейінің 8 және 10 сыныптарының қыз балалары аналарымыздың құрметіне бой көтерген Анаға Тағзым Орталығына экскурсия жасап қайтты.
«Бойтұмар» қыздар клубы,»Сырғалым» сырласу клубы,»Ана тілі» дебат клубы,»Мирас»
әжелер клубы,»Береке» аспаздық студиясы,»Шамшырақ» фото-видео студиясы,Психолог-медиатор кабинеті,»Ұлт жақұты» музей залымен танысып, қызықты тренинг шараларына қатысты.
АНА — БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш. Ана – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан қайталанбас орны бөлек жан.
Осы орайда №7 мектеп-лицейінің жас жеткіншектерінің барша АНАЛАР құрметіне арнаған әсем үнін қабыл алыңыздар!
https://www.facebook.com/100012867287320/videos/827595489270519
АТА — АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№7 мектеп-лицейінің 5 сыныптарда «Жүрек жылуы» тақырыбында ата-аналармен тренинг форматында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының барысында ата-аналар оқушылардың ата-аналарына жазған хатын жазу үлгісі бойынша табу, ұяшықтардағы қызықты сұрақтарға жауап беру, отбасындағы қарым-қатынасты күн шуағына жазу, қызықты сауалнама, пікірлесу тапсырма түрлерін орындап, кері байланыс жасай отырып, белсенділіктерін арттырып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
МЕРЕКЕҢМЕН, АЯУЛЫ АНАШЫМ!
Айтулы көктемнің жайма шуақ мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай №7 мектеп-лицейінің 1 сыныптары «Ана өмірдің шуағы» атты тәрбиелік сынып сағатын өткізді. Оқушылар аналарына арналған тақпақтарын, өлеңдерін, әндері мен билерін, сондай-ақ жүрек жарды тілектерін білдірді.
АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНА
№7 мектеп-лицейінің 4-сыныптар арасында «Алтын жүректі ана» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Сайысқа қатысқан оқушылар аналарына деген жүректен шыққан жыр шумақтарын арнады. Сайыс соңында оқушылар ана туралы ән шырқап, жеңімпаз оқушылар марапатталды.
ӘЖЕМ АЙТҚАН ЕРТЕГІ
№7 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Жас Ұлан» мектепішілік ұйымының белсенді де алғыр 3 «В» сынып оқушысы Нұрдәулет Шахнұр мен әжесімен бірге «Әжем айтқан ертегі» негізінде даналық тәрбиелік тағылымы мол үлгі-өнегесімен бөлісті.Ертегі айту барысында халқымыздың ұлттық сана, ұлттық тәрбиенің бала бойына рухани құндылықтар арқылы сіңіруде жоғары басымдыққа ие болды.Алтыннан бағалы, күмістен салмақты ардақты асыл әжелеріміз аман болсын!
ӘЖЕМ АЙТҚАН ЕРТЕГІ
№7 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Жас Ұлан» мектепішілік ұйымының белсенді де алғыр 3 «В» сынып оқушысы Шерехан Ақылжанның әжесі «Әжем айтқан ертегі» негізінде даналық тәрбиелік тағылымы мол үлгі-өнегесімен бөлісті.Балалардың тұла бойына даналық пен мейірімділік қасиеттерін сіңірген әжелеріміздің аялы алақаны, сезімге толы сөздері әркез жанымызға сая болмақ.
Алтыннан бағалы, күмістен салмақты ардақты асыл қазыналарамыз аман болсын!
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
№7 мектеп-лицейінде 2-сыныптар арасында»Мерейлі отбасы» тақырыбында ата-аналардың ынтымақтастығын көтеру мақсатында отбасылық сайыс өткізілді.
Сайысқа Бәкен отбасы,Жандаулетовтер отбасы,Мырзабековтер отбасы,Бақтыбай отбасы қатысып 3-кезеңнен тұратын дода өзара бақ сынасты.
Сайыс нәтижесінде:
Бас жүлде
2″Ә»сынып Бақтыбай отбасы
2″Г»сынып Жандаулетовтер отбасы
2″Б»сынып Мырзабековтер отбасы
2″Д» сынып Бәкен отбасы.
АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫСЫ АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ АЛАҢ
№7 мектеп-лицейінде ата-аналар мен ынтымақтастық орнатып, ашықтықты өзектендіру мақсатымен мектеп директоры Садыкбекова Анжела Акмурзаевна ата-аналар қауымымен жиналыс өткізді.Жиналыс барысында басшымыз мектеп өмірінің тыныс-тіршілігімен толыққанды таныстырып, III-тоқсан бойынша атқарылған жүйелі жұмыстар есебін көпшіліктің назарына ұсынды.Ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігіне қойылған түйіткілді сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қабылданып, тиісті шаралар қолдануға мектеп басшысы өз уәдесін берді.
А Ш Ы Қ Е С І К К Ү Н І
№7 мектеп-лицейінде 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні болып өтті.
Ашық есік күні аясында ата-аналар балаларының шығармашылығын көріп, білімін бақылады.
Сабақ барысында топтық жұмыс, жұптық жұмыс, көңілді сергіту сәті,қызықты әдіс-тәсілдер қамтылды.
Ата-аналар мұғалімдерге өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
СЛОВА БАБУШКИ — ИСТОЧНИК МУДРОСТИ
Как начало добра и символ добродетели, в рамках проекта «Бабушкина школа» было организовано торжественное мероприятие, как символ добра и добра.
На мероприятии председатель Альянса Женской Силы Кызылординской области Ахметова Рахима Каржаубайкызы и бабушки наших учеников, ставшие образцовой семьей, были гостями и заняли место на сцене.
Наши талантливые ученики подарили памятный праздник своими стихами, красивыми песнями и современными танцами, сценическими выступлениями посвященными нашим бабушкам.
Подписано Меморандум, направленный на двустороннее социальное сотрудничество со Школой-лицеем No7 и Альянсом Силы женщин в Кызылординской области.
Наши дорогие бабушки, посвятившие человечеству своей насыщенной жизнью, подарили свои благословения на теплой встрече и выразили благодарность коллективу во главе с директором школы Садыкбековой Анжелой Акмурзаевной с благими намерениями.
ӨМІРІ ҰРПАҚТАРЫНА ӨНЕГЕ БОЛҒАН, ҒИБРАТЫ МОЛ ТҰЛҒА — АСЫЛ ӘЖЕ
№7 мектеп-лицейінің шаңырағында Қызылорда облысы бойынша әйелдер күші альянсының төрайымы Ахметова Рахима Каржаубаевнамен бірге ұйымдастырылған «ӘЖЕЛЕР СӨЗІ — АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ» атты мерекелік басқосуымыз жоғары дәреже өтті.
ОТБАСЫ — АСЫЛ ҚАЗЫНА
15 мамыр — Халықаралық отбасы күнімен! Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам.Отбасы — бұл СҮЙІСПЕНШІЛІК. Біздің барлық қуаныштарымыз бен сәттіліктеріміз. Қайда жүрсек те, біз оны әрдайым есімізде ұстаймыз, ол бізді өзінің жылулығымен тартады. Отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
О Т Б А С Ы — Б А Қ Ы Т М Е К Е Н І
15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне байланысты №7 мектеп-лицейінің бастауыш екінші сыныптар арасында «ОТБАСЫ — БАҚЫТ МЕКЕНІ» атты кереметтей тағылымды тәрбиелік іс-шарасы өткізілді.Шара барысында оқушылар отбасы құндылығының маңыздылығын, сондай-ақ отбасы — адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ретінде санада ой қалыптастырды.
Ата-аналар жиналысы
24 сәуір күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алдамбергенұлы ата-аналар жиналысын өткізді.
Күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықты болдырмау шаралары, қауіпсіздік мәселелері және мектеп оқушыларының формасы қаралды.
Сонымен қатар мектепте үйірме секциялардың жұмыс жасап жатқаны жайлы,балалардың бос уақытын тиімді пайдалану керектігі екендігі айтылды.Жиналыс барысында оқушылар мектеп формасын сақтау керек екендігі жайлы ескертілді. Жиналыс соңында ата- аналар өз ойларымен бөлісті.
Ата-аналар жиналысы
11 сынып ата- аналар жиналысы болды.1.ҰБТ қорытындылары 2. ЖОО – ның мамандықтары туралы кеңестер беру сонымен қатар жиналыс барысында отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру; Ата – ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым – қарынас, өзара түсіністік, сенімге
құрылған қарым – қатынас орнату керек екеніне тоқталды. ЖОО – ның оқу орындарының мамандықтары туралы мағлұмат берілді.
2023-2024 оқу жылы
ӘКЕМ АЙТҚАН НАҚЫЛ СӨЗ балаға қалдырған ең үлкен мұрасы-жақсы тәрбиесі!
Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім. 5«А» сынып оқушысы«Жас ұлан»ұйым мүшесі Сақтапберген Ернұр әкесі Әбенов Еркіннің ұлына айтқан нақыл сөзі.

«ӘКЕ-АСҚАР ТАУ, АНА-ҚАЙНАР БҰЛАҚ» атты 7сыныптар арасында «Әке-асқар тау, Ана-қайнар бұлақ тақырыбында оқушылар эссе жазды.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту, ұлттық салт — дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
«БІР ОТБАСЫ — БІР КІТАП» атты Кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Бір отбасы-бір кітап» кітап оқу акциясына мектептің 3-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге өткізілді.
Акцияның мақсаты: балаларды кітап оқуға тарту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту,оқырмандардың жан-дүниесіне рухани ізгілікті қалыптастырып,ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту.
«Әке көрген оқ жонар» тақырыбында әкелермен бір үзік сыр яғни сырласу кеші ұйымдастырылды.
АТА-АНАЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Құқықбұзушылықтың алдын-алу профилактикасы шараларын ұйымдастыру бағытында, ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында мектеп-лицей директоры Садыкбекова Анжелика Акмурзаевна және Ювеналды полиция инспекторы, полиция лейтенанты А.Кеңесбеков ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Қызылорда полиция басқармасы тарапынан арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, маңызды құқықтық ақпараттар айтылды. Оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, оның ішінде топтық төбелесті болдырмауға, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатыстыруға кеңес берілді.
https://www.facebook.com/share/v/r9RqDVg5hfY16hhf/?mibextid=oFDknk
«БІР ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕСІН ЖҮЗ МЕКТЕПТЕ БЕРЕ АЛМАЙДЫ»
5 «А» сынып оқушысы Ерназарова Айзере әкесі Саулетпен бірге ұлттық тәрбие беруде өнеге көрсетті.
15.05.2023
Өмірі ұрпақтарына өнеге болған, ғибраты мол тұлға — Асыл әжем
Семья — это то, что с тобою всегда!
Счастливые дети 1 «Ж» класса 15 мая весь мир отмечает День семьи.
Всё , что ребёнок получает в семье — любовь, заботу, внимание, он непременно пронесёт через всю свою жизно. Как замечательно, что появился такой праздник!
Өмірі ұрпақтарына өнеге болған, ғибраты мол тұлға — асыл әжем
№7 мектеп-лицейінің шаңырағында 15 мамыр — Отбасы күніне орай Әйелдер күштері альянсының мүшесі, Қызылорда облысы бойынша көшбасшы әйелдер клубының төрайымы Ахметова Рахима Каржаубаевнамен бірге ұйымдастырылған «ӘЖЕЛЕР — көңіл ажары, НЕМЕРЕЛЕР — өмір базары» атты мерекелік басқосуымыз жоғары дәреже өтті.
Мереке қарсаңында естен кетпес әсерлі кеште әжелерімен бірге келген немерелі өз өнерін ортаға салып, ақ жаулықты әжелерін қуантты. Шараға келген қадірлі қонақтарымызда той шашуларымен көпшіліктің көңілін толқыта түсті. Бастысы балапан сәбидің тұсау кесер сәтіне куә болған оқушылар керемет көңіл-күйге еніп, салт-дәстүріміздің керемет көрінісіне тәнті болды.
Келген қонақтарымызға үлкен алғысымызды білдіре отырып, барша Қазақ елін бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Отбасыларыңыз да тек қуанышты, бақытты күндер мен той көп болсын! Аманшылықта керемет сәттерде бас қосулар көбейе берсін!
https://www.facebook.com/100012867287320/videos/963085281499064

15.05.2023
Ата-аналар жиналысы
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Отбасы бала үшін өмір мектебі. Ата-ана мен мектеп әр баланың білімді де тәрбиелі болып қалыптасу жолында жүйелі жұмыстар атқарады. Осындай жұмыстардың бірі ата-аналар жиналысы.
Бүгін мектебімізде 7 — 11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыста келесі мәселе қаралды
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Хабарламашылар: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Есбенбетов,А.Алдамбергенұлы, Учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Т.Құрманғазыұлы,Полиция капитаны Б.Зиябілов
Ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Ө.Жұбанышбаев
Ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Ө.Жұбанышбаев ата-ана жауапкергілігіне тоқталып, түнгі мезгілде оқушылардың жалғыз жүрмеуін қатаң ескертті.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс.
Отбасы өнегесі
Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы өнегесі» атты отбасындағы құндылықтарды дәріптеу мақсатында бастауыш сыныптарындағы оқушыларымыздың отбасында ұл мен қыз тәрбиесі айрықша бейнеленді.
Халқымыздың төл мәдениетіндегі ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі отбасында ерекше мән беріліп қаралады. Осындай тәрбиелік мәні зор отбасылық шара.
Отбасы — асыл қазына
Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам.
Отбасы — бұл СҮЙІСПЕНШІЛІК. Біздің барлық қуаныштарымыз, сәттіліктеріміз отбасыға, ондағы мейірімділікке, жылулық пен пейілге байланысты. Қайда жүрсек те, біз оны әрдайым есімізде ұстаймыз, ол бізді өзінің жылулығымен тартады.



20.09.2022
Ата-анамен жұмыс
Ата-аналар арасында бала тәрбиесіне деген көңіл бөлу міндеттерін арттыру, балалардың салауатты өмір сүруіне ықпал етуге, ата- анамен мектеп ұжымы арасындағы байланысты шараларды нығайту мақсатында мектеп-лицейімізде маңызды жұмыстар атқарылды. Мектеп бойынша ата-аналар кеңесі, комитеті құрылған. Ата-аналар кеңесі 7 адамнан тұрады. Кеңес мүшелері арасында атқаратын жұмыс үйлестірілген. Әр тоқсан сайын жалпы ата – аналар жиналысы онлайн және офлайн да кездесу өткізілді. Жыл бойы ата-аналар арасында баяндамалар оқылып, ата-аналар арасында бала тәрбиесіне байланысты сауалнамалар жүргізілді. Әр тоқсанда ата-аналар үшін «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады.
«ҚАМҚОР АҒА, ҚАМҚОР ӘПКЕ» Балалар жылы қарсаңында «Жас ұланның жұлдызды жылы» жоспарына сәйкес «Жас ұлан» ұйым оқушылары мен мектеп тәлімгері үйден оқытылатын оқушымыз Хамит Ізбасханды жаңа оқу жылымен құттықтап, өз сыйлықтарын тапсырып, жылы лебіздерін білдіріп қайтты. Ата — анасы өз ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға ақ батасын берді.

21.09.2022
ТӘРБИЕ ТІНІ — ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП
2022 жылдың 16 қыркүйегінде №7 мектеп -лицейінің 5 «Г» сыныбында жаңа форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы болып өтті. Сынып жетекшісі Аймереке Сұлтанғазықызы бастауыш буыннан орта буынға өткен балалардың тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы сөз қозғап, баланың бойына жақсы әдеттерді сіңіру жолдарын ата-аналармен бірлесе отырып талдады.
Ата-аналар мектептің ішкі ережелеріне қатысты сұрақтар қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алды және мектеп әкімшілігі мен ұжымға жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.

Мектептегі тәрбие үдерісіне әкелерді ықпалдастыру көптеген келеңсіздіктердің алдын алуға оң ықпалын тигізуде. Мәселен, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына септігі тиді. Ұлдар арасында көп кездесетін қиындықтардың оң шешім табуы көңілге қуаныш ұялатады.
«Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тақырыпта 16 қыркүйек күні 5 сыныптар бойынша ата — аналар жиналысы өткізілді. 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер:
-сабақ кестесі
-оқу пәндері
-пән мұғалімдері туралы ата — аналарға толық мағлұмат берілді.
Мектебімізде 5-сәуір күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алдамбергенұлының ұйымдастыруымен сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы өткізілді. Жиын барысында «Оқушы-Ұстаз-Ата-ана» үштік одағының ынтымақтастығы, сынып жетекшінің ата-анамен байланысы, оқушылардың жалпы тәртібі, қауіпсіздігі жайлы айтылды.
29 наурыз 10-сынып ата-аналарымен «Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес» атты тақырыпта жиналыс өткізілді.
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.
Ата — аналар жиналысы
28-наурыз күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1 «Ұлттық құндылықтар» психолог тренингі
2 Ата-ана міндеттері мен жауапкершілігі
3 Оқушылар қауіпсіздігін сақтау
4 Құқықбұзушылыққа жол бермеу
5 Ағымдағы мәселелер.
Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасар А.Алдамбергенұлы таныстырып өтті.
Учаскелік полиция инспекторы Ә.Ерназарова кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа бармауын,беймезгіл уақыттарда көшеде жүрмеулерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Жиналыс соңында ата -аналар пән мұғалімдеріне сүрақтарын қойып,пікір алмасты.
12 сәуір күні мектеп психологтары Т.Қаршығаев пен Е.Төлеген ұйымдастыруымен “Күйзелісті қалай жеңеміз?” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау шарасы өткізілді.
Шара барысында алдымен сәлемдесу тренингі өткізілді.
Ата-аналарға күйзеліске ұшыраған балаға қалай көмектесу керек, күйзеліске ұшыраған баланы қалай анықтау жолдары түсіндірілді.
Ата-аналар топтық тапсырмалар орындады.
Ата-аналарға күйзелістің алдын-алу бағытында жадынамалар таратылды.
«Ата-аналармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты дамыту» ата-аналар мен оқушыларды тиімді өзара іс-қимылға ынталандыру, ата-аналар мен оқушылардың мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Біз бірге болғанымыз қандай жақсы» бірлескен аналарымен балаларының арасын жақындастыруға арналған тренинг өтті. Тренингті 2 «В, Г,,Д» сынып жетекшілері өткізді. Тренингте ДТЖО Қ.Есбенбетов әр ата-ана баласының мінез-құлқын іс-қимылынан анықтау бойынша тренинг пен жалғастырды. ДТЖО А.Алдамбергенұлы ата-анамен оқушы,ұстаз бірлескен жұмыс барысында оқуда, шығармашылықта, өмірде өзін-өзі табысты іске асуына ықпалы зор екенін айтты.


