14.05.2024
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан жасөспірімдер спорт мектептерінің облыс біріншілігінде жүлделі ІІІ- орынды иелегені үшін №7 мектеп-лицейінің 7 «Е» сынып оқушысы Жұмабеков Ерасыл марапатталды.
Ерасылдың жеңіл атлетиканың түрлі бағыттары бойынша суырылып өз мықтылығы мен қайсарлығын көрсеткені үшін мектеп басшысы Садыкбекова Анжела Акмурзаевна қуанышты жетістігіне ортақтасып, жылы лебізін білдірді!
Жарайсың, Ерасыл! Спорт әлемінде бағындырар белестерің көбейіп, биік шыңдардан көріне беруіңе шын жүректен тілектеспіз!
