29.07.2024
Құттықтаймыз!
№7 мектеп-дицейінің 11 «Ә» оқушысы, мектеп мақтанышы Мақсұт Нұрдәулет бала күнінен өзіне спортты серік етіп келеді. Сабақты да үздік оқиды. Сабақтан тыс кезеңде үйірмеден қалмай, еркін күрестің қыр-сырын үйренуге тырысты.
Спортсмен болу үшін спортзалдан табылып, тынбай жаттығу жасау керек екенін жақсы түсінген Нұрдәулет үнемі ізденіс үстінде. Мектептің қоғамдық жұмысынан да бір сәт қалмайтын оқушыны сегіз қырлы, бір сырлы дерсің.
Мықты дайындықтың нәтижесі де мықты. Еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағын алып үлгерді.
Құтты болсын! Оқушының талабына нұр жаусын! Олимпиада алауын жаққан, олимпиадада алтын медаль алған ағаларының жолын берсін!
Сынып жетекшісі: Кенжалиева Гүлжанат Абатқызы.
