«Менің Қазақстаным — менің мақтанышым!» атты патриоттық әндер байқауы
№7 мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушылары арасында
«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!» тақырыбында әскери-патриоттық әндер байқауы болып өтті.
Патриоттық ән байқауы Мемлекеттік әнұранды шырқаумен басталды. Оқушылар патриоттық әндер орындап, туған жерге деген ыстық ықыластарын өлең жолдарымен білдірді. Сайыс ережесі бойынша қатысушылар әскери киім нысанында болды.
Сайыс нәтижесі бойынша:
І ОРЫН — 10 «Ә» сыныбы;
ІІ ОРЫН — 11 «В» сыныбы;
ІІІ ОРЫН — 11 «А» сыныбы марапатталды.
Сайыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болып, әлем айдынында еркін самғайтын қырандай ұрпақтарымыз аман болсын!
АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Нұржан Батырбекұлы


