16.11.2024
Оп жарған біздің озат шәкірттеріміз — ақжолтай жаңалықтарымен білім ордасын қуантуда!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы өткізілген пәндік олимпиададан бағы келісіп, бабы оза шапқан дарынды шәкірттерді құттықтаймыз!!!
Ағылшын тілі пәні бойынша 6 «Е» сынып оқушысы Нұғман Надир жүлделі ІІ-орынды иеленді. Шын жүректен қуана құттықтаймыз!
Жетекшісі: Емжар Ақерке Бектібайқызы
Білім белестерін бағындырып, шығармашылық табыстарға еш кедергісіз жете беріңіздер! Ұстаз еңбегі әрдайым жетістіктермен көрініп, еңбектері елене берсін!
