Педагогикалық әдістемелік ұсынымдар мен кеңес беру отырысы

№7 мектеп-лицейінің математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің жаңа оқу жылы қарсаңында әдістемелік кеңес беруге арналған жалпы отырысы өткізілді.
Бірлестік жетекшісі Серикбаева Ботагоз Алимбековна бірлестіктің 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы оқу жылында жасалатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жиналыс барысында математика пәнінің мұғалімі Әмірова Гүлдерай Базарбекқызы 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық бойынша ерекшеліктер мен өзгерістерге тоқталып өтті.
Жаңа оқу жылында пән мұғалімдеріне таусылмас ерік-жігер мен сарқылмас күш-қайрат тілейміз!


