Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
№7 мектеп-лицейінің 4 «Е» сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбиелік сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында “Сыбайлас-жемқорлық” ұғымы оқушыларға насихатталып, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастырылды.
Тәрбиелік сабақ барысында қоғамдық қасіретке әкелетін материалдық құндылықтардың зияндылығы бейнероликтер арқылы түсіндіріліп, көрініс қойылып, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Кулекешова Индира Кундызбаевна.



