Тілім менің ғасырларға аманат
Тіл — тұнық ойдың кәусары. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл»деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерінде терең мағына жатыр.
Бүгін 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай №7 мектеп-лицейінде «Тілім менің ғасырларға аманат» тақырыбында тілдер мерекесінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстаумен қатар өзге халықтардың мәдениеті де құрмет көрсетіліп, өз құндылықтарын тұтынуға мүмкіндік беріліп келеді.
Апталықтың ашылуында оқушылар ойсаларлық өлең шумақтарын оқып, орыс, ағылшын тілінде жыр арнады. Сондай-ақ қазақ тіл білімінің негізін қалаушының құрметіне өнерлі оқушы Әбдухамит Қайсар кереметтей өз толғау термесін шырқап, көрермендер назарын қуанышқа бөледі.



