16.05.2024
2024 жылдың 14-17 мамыр аралығында Талдықорған қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауынан “буктрейлер” кезеңінен үздік өнер танытқаны үшін №7 мектеп-лицейінің талантты оқушысы Сейтжан Меруертті жүлделі ІІІ-орын жеңімпазы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Камшат Сматылдаева
Биылғы «Ілияс оқулары» ақынның 130 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.
Жалпы Республика бойынша «Ілияс Жансүгіров оқуларына» 16 облыс, 3 Республикалық маңызы бар қаладан, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Абай атындағы мамандандырылған Республикалық мектептерінен 120 қатысушы бақ сынады.
Жарайсың, Меруерт! Үлкен қуанышқа толы жаңалықтармен өз алтын ұя білім ордасын қуанта беруіңе тілектеспіз! Ұстаз еңбегі ақталып, шәкірт жетістігі биіктерден көріне берсін!
