Қанжығамызда «алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәнінің «жыл үздігі» номинациясы! Мықтылықтың нышанын ту еткен біздің білікті ұстаз!
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі, соның ішінде қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген дәстүрлі «СПАРТАКИАДА — 2024» бағдарламасы аясында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» номинациясымен Дүйсенбаев Нұржан Батырбекұлы марапатталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз ақталып, жемісін көре беріңіз!

