11.05.2024
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен Отан қорғаушылар күніне арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы жүгіру жарысынан ерлер арасында жүзден жүйрік атанып, мыңнан тұлпар екендігін дәлелдегені үшін жүлделі ІІ-орынмен №7 мектеп-лицейінің 7 «Е» сынып оқушысы Жұмабеков Ерасыл және қыздар арасында жүлделі ІІІ-орынмен 6 «В» сынып оқушысы Жомарт Аяулым марапатталды.
Жеңістеріңізбен шын жүректен қуана құттықтаймыз! Салауатты өмір салтын ұстана білген жүйрік оқушыларымызға тек толағай табыстар мен қарымды сәттіліктер тілейміз! Жетекшілері: Дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Кәрімбердиев Жандос және Бекмұратов Ертұрған

