Шығармашылық белсенділікпен мектеп өмірінде лауазымдық міндеттерін адал атқарып жүрген, үнемі ізденіс үстінде шет тілін білім алушыларға жанымен ұғындырған №7 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің бірлестігі оқу жылының қорытындысы бойынша үздік жетістіктерге жеткені үшін қалалық білім бөлімінің арнайы «Алғыс хатын» иеленді.

Бұл – бір жұдырық боп жұмылып жүрген, мейірімді, тәрбиелі, балаларға бар ықыласымен көңіл бөліп жүрген, ұлағаты мол дана да дара ұстаздардың еңбегінің нәтижесі.

«Дарын», «Зерде»ғылыми жобаларынан;

Республикалық пәндік олимпиадасынан;

Кәсіби өзін-өзі жетілдіру байқауларынан;

Шығармашылық конкурстардан;

«Үздік педагог» та осы бірлестікте

Осы орайда мектеп директоры, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Садыкбекова Анжела Акмурзаевнаны және барша бірлестік мүшелерін арнайы «Алғыс» иеленгені үшін шын жүректен құттықтаймыз! Ұжым ынтымағын арттыруда шығармашылық толағай табыстар тілейміз! Нәтижесі мол жеңіске жетелейтін жемісті күндеріңіз көп болсын!

От admin