Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік!
Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин айтқандай: «Мен үшін мұғалім бәрінен де қымбат, себебі мұғалім мектептің жүрегі»,- деп мұғалімнің қоғамдағы орнын ерекше айқындаған.
№7 мектеп-лицейінің «Ағылшын тілі» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шара барысында мектеп директорының міндетін атқарушы Жавзмагина Гулжан Тынымбаевна мерекеге орай ұжымдағы ұстаздарға ізгі тілегін білдіре отырып, жетістіктерімен құттықтап, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ және АЛҒЫС хаттар табыстады.
Іс-шара ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің хорымен басталып, әрі қарай керемет жалғасын тапты. Ұстаздарға арналған ән, көрініс, ойындар өз дәрежесінде жоғары өтті.
Оқу ордасының ұлағатты ұстаздары мерекені шын жүректерімен сезініп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
