30.05.2024
Құттықтаймыз!
Елеулі еңбек ескеріліп, мотивация мен шабыт сыйлаған басшы құрметі
Тәуелсіз еліміздің кемел тұлғасын қалыптастыруда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін №7 мектеп-лицейінің «Ақжелкен» жас мамандар кіші мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Емжар Ақерке Бектібайқызы Қызылорда қаласының Білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды!
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша семинар, кәсіби байқау, ғылыми жобалар және Республикалық пәндік олимпиадаларда үздік жетістіктер көрсеткені үшін №7 мектеп-лицейінің «Ағылшын тілі пән бірлестігі» АЛҒЫС хатпен марапатталды!
Шын жүректен қуана құттықтаймыз! Жасампаз елдің жалынды жастары көбейе берсін! Алар асуларыңыз биік, абырой мәртебелеріңіз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіз озат атанып, ұстаз үмітін ақтай берсін! Әрқашан мектеп ұжымы тек қана толағай табыстар мен шығармашылық шабыттар тілейміз!
