13.05.2024
№7 мектеп-лицейінің 9 «Е» сынып оқушысы Райханқызы Айзере жұлдызы биік мақтанышымызға айналып отыр. Өнер жолында өзіндік орнын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келе жатқанының тағы бір дәлелі Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша үздігі атанып, облыстық «Бозторғай» ән байқауында «Бас жүлдені» иемденген талантты оқушы.
Осы орайда мектеп директоры Садыкбекова Анжела Акмурзаевна Айзеренің айтулы марапаттарымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта Алматы қаласында өткізілетін Республикалық “Бозторғай” ән байқауында сәттілік серігіне айналып, жеңіспен оралуына өз жылы лебізін білдірді.
Жарайсың, Айзере! Шығармашылығың шыңдала берсін! Жақсы жаңалықтарың мен жетістіктерің көп болуына әрдайым тілектеспіз!
