Білімділер бақ сынасқан ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ (ҚАЛАЛЫҚ) ІІ кезеңі де өз мәресіне жетті. №7 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларының арасынан олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған оқушыларымыз: 11 «Ә» сынып оқушысы Кеңесбай Асылжан, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ-орын иегері Пән мұғалімі: Шамахова Гүлбану 9 «Б» сынып оқушысы Айтжан Нұрсұлтан, құқық негіздері пәнінен ІІІ-орын иегері Пән мұғалімі: Ізбақыш Бейбіт 10 «В» сынып оқушысы Ержас Мадина, ағылшын тілі пәнінен АЛҒЫС иегері Пән мұғалімі: Смаилова Ш. А. «Білім адам бойына біткен ең мықты қару» демекші, білімді шәкірттеріміз білім көкжиегіне шыға берсін! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз! Еңбектеріңіз әр қашанда жоғары бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!
СІЗДЕРГЕ КӨП-КӨП РАҚМЕТ! Құрметті ұстаздар шәкірттеріңізбен биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз жана берсін!


