Қамқоршылық кеңес

Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі №78 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2025-2026 оқу жылына конкурстық негізінде Қамқоршылық кеңес құрамының бос  орындарға конкурс жариялайды.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды 2025 жылдың қырқүйек айының 11.09 — 31.09 күндері   аралығында Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

                1) өтінім (еркін түрде);

                2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

                3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

                4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық                           бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8)наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде  қағаз түрінде жолдайды:

                Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан бастап 20 (жиырма) күн ішінде (2025 жылғы 31 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін) Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қағаз түрінде қабылданады.

 Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының  талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

                Конкурс Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптары туралы қосымша анықтаманы Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінен алуға болады.

Тел. 8(7242) 24 55 62, sch-7@mail.ru