Педагог кадрлардың сапалық құрамы
Нормативтік –құқықтық базаға сәйкес келеді, бұл оқу-тәрбие үдерісін тиімді жүзеге асыруға, педагогикалық шығармашылықты дамытумен, зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндік береді.
«№7 мектеп-лицейі» КММ-і оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар педагогтер жұмыс жасайды. Сандық құрам бойынша мектептің педагогикалық кадрлары тұрақты: 2022-2023 жыл-208 мұғалім, 2023- 2024 жыл — 206 мұғалім (оқу жылдарының басы).
«№7 мектеп-лицейі» жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтардың жалпы санынан 2022-2023 оқу жылы бойынша педагогтардың жалпы үлесі 44,7%, 2023-2024 оқу жылы бойынша педагогтардың жалпы үлесі 45,6 % көрсетеді.

Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар педагогтар туралы мәліметтер
№7 мектеп-лицейінде 2022-2023 және 2023-2024 оқу жылының педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтер жұмыс атқарады.
2022-2023 оқу жылында жалпы мұғалімдер саны -208 (оның ішінде 2 психолог, 1 әлеуметтік педагог, 1 логопед, 1 тәлімгер, 7 қоса атқарушы, 4 педагог-ассистент). Жоғары білімдісі-199, арнаулы орта білімдісі-9, магистратура бітірген мұғалімдер — 14.
2023-2024 оқу жылында жалпы мұғалімдер саны-206 (оның ішінде 2 психолог, 1 әлеуметтік педагог, 1 логопед, 1 дефектолог, 1 тәлімгер, 5 қоса атқарушы, 6 педагог-ассистент). Жоғары білімдісі-201, арнаулы орта білімдісі-5, магистратура бітірген мұғалімдер — 19.
Мектеп-лицейінде базалық білімі жоқ педагогтар жұмыс жасамайды.
Педагогтардың жоғары және техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі, негізгі жұмыс орны мектеп болғандығы, сотталмағандығы, санаты, медициналық тексеруден өткені, оқытатын пәні туралы мәліметтер, біліктілік арттырудан өткендігі жөнінде сертификаттар педагогтердің жеке іс қағаздарында жинақталған.
Басшы кадрлардың, педагогтердің кемінде үш жылда бір рет біліктілік
арттыру туралы мәліметтер
«№7 мектеп-лицейі» КММ-і бойынша 2022-2023 жылдар аралығында барлық педагогтар бейіні бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен. Барлық педагог қызметкерлер пәндері бойынша 2022 -2023 жылдар аралығында жаңартылған білім мазмұны, инклюзивті білім беру мазмұнын қалыптастыру, ерекше қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруде педагогикалық-психологиялық қолдау, педагогтың кәсібу құзіреттілігін дамыту, т.б. курстары бойынша қамтылған.
Мектеп – лицейі басшылары (директор Садыкбекова А.А, ДОІЖО Оргараева Г.А., Даулетиярова Б.К., Макашова Л.А., Доспенбетова М.Ж., ДБОЖО Жавзмагина Г.Т., ДТІЖО Есбенбетов К.Б.) менеджмент курстарынан өткен.

Педагогтердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер
№7 мектеп-лицейінің педагогтері мен басшылары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік,, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №533 бұйрығы мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні: №31490 30.12.2022ж. сәйкес бес жылдан сиретпей біліктілік санаттарын арттырып келген.
2022 жылы 2 педагог «педагог – зерттеуші», 1 мұғалім «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына тағайындалған.
2023 жылы 8 педагог (оның ішінде 7 мұғалім қайта растады, 1 мұғалім тағайындалды) «педагог – зерттеуші», 4 мұғалім «педагог-сарапшы», 14 мұғалім (оның ішінде 2 мұғалім қайта растады, 12 мұғалім тағайындалды) «педагог-модератор» біліктілік санаттарын алған.
Аттестациядан өтетін педагогтердің өтініштері тіркеу кітабына түсірілген, біліктілік санаттарын беру (растау) туралы куәліктерді тіркеу және беру журналына тіркелген, бұйрықтар шығарылып, біліктілік санаттары туралы куәліктері берілген.

