КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ ‼️
Математика пәнінің мұғалімі бос лауазым
Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі №78 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына конкурстық негізінде көрсетілген бос орындарға конкурс жариялайды.
Математика пәнінің мұғалімі – 1 бірлік (Оқыту тілі — орыс тілі)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Педагогика бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Лауазымдық міндеттері:
— Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
— оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады;
— орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды жасайды, бөлімдер бойынша формативті бағалауға арналған тапсырмаларды жүзеге асырады;
— электронды журналдарды толтырады;
— жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді;
— оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
— білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді;
— кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады;
— еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды;
— білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
— ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
— жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды;
— білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
— тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
— білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді;
— білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге тиіс:
* Қазақстан Республикасының Конституциясын;
* Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
* Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын;
* білім беру бағыттары мен даму перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
* жалпы теориялық пәндердің негіздерін педагогикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқару міндеттерін шешу үшін қажетті көлемде; жалпы және коррекциялық педагогика, балалар, ересектер, әлеуметтік, арнайы психология негіздерін; қарым-қатынастар психологиясын, балалар мен жасөспірімдердің жеке және жас ерекшеліктерін, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын; инклюзивті білім беру негіздерін; педагогикалық этиканы; тәрбие жұмысының, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін; әртүрлі жастағы білім алушылармен және олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен, жұмыс бойынша әріптестермен байланыс орнату, өз ұстанымына сендіру, дәлелдеу әдістерін; қақтығыс жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу технологияларын; экология, экономика, құқық, әлеуметтану негіздерін; әкімшілік, еңбек заңнамасын;
* мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелермен, электрондық поштамен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықпен жұмыс істеу негіздерін білу.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8)наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан бастап 7 (жеті) күн ішінде (2025 жылғы 10 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін) Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
Конкурс Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Тел. 8(7242) 24 55 62, sch-7@mail.ru
