8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп базасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «МЕРГЕН АРУ — 2023» қалалық сайысы өткізілді. Қалалық сайыс 10-11 сынып оқушылары қыздар арасында ұйымдастырылып, 120-дан астам оқушы қатысты. «Мерген ару-2023» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен қалалық жарыста «Ак-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау» сайысында №7 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы Қуанышбек Нұрай жүлделі орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. «Алғашқы медициналық көмек көрсету» командалық сайысы бойынша №7 мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі орынды иеленді. Жарыстың жүлдегерлерімен жеңімпаздары қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі: АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы Дүйсенбаев Нұржан Батырбекұлы.
