19.08.2024
Сүйінші жаңалық!
Мәртебелі мамандықтың майталман ұстазы жетінші мектептің жалауын абыроймен асқақтатып, алтынсарин төсбелгісімен наградталды!
Құттықтаймыз!
Қазақ даласында ағарту жұмыстарын жүргізіп, елді оқу-білімге үндеген ағартушы «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісіне» №7 мектеп-лицейінің ардақты ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі КЕНЖАЛИЕВА ГҮЛЖАНАТ АБАТҚЫЗЫ ие болды.
Білім ордасында Гүлжанат Абатқызының дара қасиеттерімен салып кеткен сара жолы ұрпақтар сабақтастығымен жалғасып келеді. Өнегелі өмір жолымен, тәлім-тәрбиесімен жас ұрпақ бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде орасан еңбегі ұшан теңіз..
Дәл бүгінгідей министрлік қолынан облыстық тамыз кеңесінде «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталуы жас жеткіншек ұстаздар үшін үлкен жігер сыйлары анық.
«Ұстаз — ұлық емес, ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының сөзіне сай, есіміңіз ешқашан ұлы ұстаздар қатарынан түспесін!

