31.05.2024
Еңбек басы — бейнет, соңы зейнет!
Киелі жетінші қара шаңырақ білім ордасынан үш бірдей бәйтеректі құрметке бөлеп, еңбек демалысына шығарып салу салтанаты
№7 мектеп-лицейінде бар ғұмырын адал еңбекке арнай отырып, қызметте абыройлы, ортасына сыйлы, ерен еңбегімен өзінен кейінгі жас ұрпаққа өнеге бола білген ардақты жандар Есенбаев Өмірбек Жұбатырович, Чевилева Ольга Николаевна, Әлібаева Ұлбосын Әбжанқызы ұстаздарымызға арналған аса құрметпен зейнетке шығарып салу мерекелік кеші болып өтті.
Кеш барысында мектеп директоры Садыкбекова Анжела Акмурзаевна ұлағатты ұстаздарымыздың мектеп өміріне қосқан үлесі және үздіксіз еткен қызметі үшін риясыз алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады. Осы орайда, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибрагимов Бейбут Умирзакович мектеп ұжымының атынан естелік ретінде сый-сияпатын ұсынды.
Салтанатты шара әріптестердің әсем әнімен, көңіл тебірентерлік жылы лебіздерімен жалғасын тапты. Зейнеткерлікке табан тіреген ұстаздар мектеп басшысына және барша ұжымдастарға шексіз ризашылықтарын білдіріп, ізін жалғар мұғалімдерге ақ баталарын берді.
Қимастық сезімдермен зейнеткерлікке шығуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек демалыстарыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы — Отанда, жақындарыңыздың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолдарыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!
