16.05.2024
Жалпы білім беретін мектептер арасында математика пәнінен өткізілген олимпиаданың қалалық кезеңінде жоғары көрсеткіштерімен ерекше бағаланып жүлделі І-орын иеленгені үшін №7 мектеп-лицейінің 4 «Д» сынып оқушысы Әбен Бағлан Асылханұлы марапатталады.
Озат оқушының олжалы жеңісімен мектеп басшысы Садыкбекова Анжела Акмурзаевна риясыз ризашылығын білдіріп, қалалық білім бөлімінің І-дәрежелі Дипломын табыстады.
«Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер!» демекші болашағына үлкен үмітпен қарайтын шәкіртімізге биік шыңдар мен асқақ белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Әрқашан жолың ашық болып, бағың мен бабың қатар келіссін!
Осы орайда, бастауыш іргетасын жүйелі қалыптастыруда сапалы біліммен сусындатып, аянбай тәрбиелеу жолында сүбелі үлес қосқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі әрі жетекшісі – Төрехожаева Мархабат Медетбайқызына үлкен алғысымызды білдіреміз!
