16.11.2024
Топ жарған біздің озат шәкірттеріміз — ақжолтай жаңалықтарымен білім ордасын қуантуда!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы өткізілген пәндік олимпиададан бағы келісіп, бабы оза шапқан дарынды шәкірттерді құттықтаймыз!!!
Қазақстан тарихы пәні бойынша 6 «Е» сынып оқушысы Раймкулова Анэля жүлделі ІІ-орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Әбдіжәмиева Баян Бауыржанқызы.
Білім белестерін бағындырып, шығармашылық табыстарға еш кедергісіз жете беріңіздер! Ұстаз еңбегі әрдайым жетістіктермен көрініп, еңбектері елене берсін!
