19.11.2024
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!!!
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Дала сазы» байқауының «вокалдық өнер» номинациясы бойынша Қызылорда қаласынан үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленгені үшін №7 мектеп-лицейінің 7 «Ж» сынып оқушысы Құлдасова Кәусар марапатталды!
Жетекшісі: Ән-әуез пәнінің мұғалімі — Ляззат Куанышева ұстаз!
Шын жүректен қуана құттықтаймыз! Республикалық «Дала сазы» байқауының финалдық кезеңінде сәттілік серіктеріңізге айналып, жоғары жетістікке қол жеткізіңіздер! Сондай-ақ өнерлі дара білім алушымыз Ташкент, Баку, Дубай қалаларына жолдама сертификатына ие болды! Жарайсың, Кәусар! Бағындырар белестерің мен алар асуларың толағай болсын!

