ӨМІРІ ҰРПАҚТАРЫНА ӨНЕГЕ БОЛҒАН, ҒИБРАТЫ МОЛ ТҰЛҒА — АСЫЛ ӘЖЕ
№7 мектеп-лицейінің шаңырағында Әйелдер күштері альянсының мүшесі, Қызылорда облысы бойынша көшбасшы әйелдер клубының төрайымы Ахметова Рахима Каржаубаевнамен бірге ұйымдастырылған «ӘЖЕЛЕР СӨЗІ — АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ» атты мерекелік бас қосуымыз жоғары дәреже өтті.
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңда ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың
Әже мерейі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер.