Бірінші сыныпқа қабылдау 2024-2025 оқу жылы
Бірінші сыныпқа қабылдау 2024-2025 оқу жылы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2023 жылы 7 тамыздағы 248 бұйрығына сәйкес, 2024 -2025 оқу жылына бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден 31 тамыз аралығында www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.
Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.
Ата-аналар электронды форматта өтініш, профилактикалық екпелер картасы 065/у нысанды және бала денсаулығы паспорты, № 052-2/у нысанды медициналық анықтама.Баланың 3×4 см өлшеміндегі цифрлық фотосурет.
