Педагогикалық әдістемелік ұсыныстар мен кеңес беру отырысы
№7 мектеп-лицейінде «Digital Kazakhstan: жаңа заманауи білім беру» тақырыбында 2024-2025 оқу жылына арналған «Тамыз кеңесі» аясында биология, химия және география пәні мұғалімдерінің әдістемелік отырысы өткізілді.
Химия пәнінің мұғалімі Айжан Жетписбаевна «Химия сабағында құндылықтарға негізделген білім беру»;
Биология пәнінің мұғалімі Курма Абилкасимовна «Үлгерімі төмен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету»;
Биология пәнінің мұғалімі Перизат Мырзабекқызы «Биология пәнін оқытуда көркем әдебиетті пайдалану», «7-11 сынып оқушыларын білім платформасы арқылы оқыту үдерісінде химия-биологиялық білім беруді ізгілендіру тәсілдері»
тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті. «Химия-биологиялық талдау зертханасы» жобасын жоспарлау үлгісімен таныстырды.
2023-2024 оқу жылында химия, биология және география пәні бірлестік жетекшісі Нұргүл Өтешқызы атқарылған әдістемелік жұмыстардың қорытындысын айта отырып, әрбір пән мұғалімінің жұмысына жеке талдау жасады.
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА,
ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРҒА ТОЛЫ БОЛСЫН!

