«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы

№7 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары барысында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Акция мектеп-лицейдің аз қамтылған, көп балалы көмек қажет ететін отбасы балаларын қолдау мақсатында “Қазақстан Халық банкі” АҚ қызметкерлері 5 оқушыға оқуға қажетті оқу құралдарын табыстап көмек көрсетті.
«Мектепке жол» акциясымен көмек қолын созған демеуші кәсіпкерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Қоғам игілігіне бағытталған ізгілікті істеріңіз бен еңбектеріңіз берекелі болып, мерейлеріңіз үстем болсын! Оқушыларымызға жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!