Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі №78 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына конкурстық негізінде Қамқоршылық кеңес құрамының бос орындарға конкурс жариялайды.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды 2025 жылдың қырқүйек айының 11.09 — 31.09 күндері аралығында Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8)наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан бастап 20 (жиырма) күн ішінде (2025 жылғы 31 қыркүйек сағ. 18.00-ге дейін) Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қағаз түрінде қабылданады.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
Конкурс Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптары туралы қосымша анықтаманы Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Тел. 8(7242) 24 55 62, sch-7@mail.ru
