«Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
Келешегі кемел білім ордасы №7 мектеп-лицейінде «Математика» пәнінен 10-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру мақсатында №7 мектеп-лицейінің білім алушылары бақ сынады.
«Алтын түлек» олимпиадасына
10-сыныптан — 11 оқушы,
11-сыныптан- 17 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытынды нәтижесінде
11-сынып бойынша
Амангелді Диас
Бекжан Диас
Ермағанбет Ерасыл
ли Диас
Үсен Айдос
10-сынып бойынша
Ильяс Жансая
Сыздықов Абылай
Сахи Маржан
Сүйіндік Арайлым
Насраддин Адия
Аталған оқушылар олимпиаданың келесі кезеңіне қатысуға жолдама алды. Қалалық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз!


