Ұстаздардың демалыс уақытын тиімді пайдалануға бағытталған игі шаралар
”Жаса, Қазақстан!» атты патриоттық әндер байқауы
Киелі қара шаңырақ білім ордасы №7 мектеп-лицейінде демалыс уақытын тиімді жүзеге асыру мақсатында ұстаздар арасында «Жаса, Қазақстан!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.
Патриоттық ән байқауы Мемлекеттік әнұранды шырқаумен басталды. Педагогтеріміз патриоттық әндер орындап, туған жерге деген ыстық ықыластарын өлең жолдарымен білдірді. Күміс көмей, бұлбұл дауысты ұстаздар марапатталып, оларға сый-сияпаттар үлестірілді.
Еліміздің мәртебесі тұғырлы болып, егемендігіміз мәңгі жасай берсін!




