«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары
Киелі қара шаңырақ білім ордасы №7 мектеп-лицейінде 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» Республикалық зерттеу жобаларының конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты: балалардың зерттеу кызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Жобаға қатысушы оқушылар өздерін шығармашылық тұрғыдан жоғары деңгейде көрсете білді.
Мектепішілік кезеңнен суырылып шыққан оқушыларымызға қалалық кезеңнен жүлделі орындарға қол жеткізеді деген үлкен сеніммен, толағай сәттіліктер тілейміз!
Қалалық кезеңге өткен оқушылар:
3 «А» сынып оқушысы Зиядин Айым
3 «Ә» сынып оқушысы Жандосқызы Айбибі
3 «Д» сынып оқушысы Қанжарбек Бегімсұлу
3 «Е» сынып оқушысы Қайратұлы Айсұлтан
4 «З» сынып оқушысы Ким Герман







