24.05.2024
«Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ-нің «Сотсыз татуласу орталығы» қызметін қамтамасыз ету әлеуметтік жобасы аясында Мектептік медиацияны дамыту мақсатында жалпы білім беру мекемелерінен білім алушылар арасында «Жас бітімгер – 2024» облыстық байқауы өткізілді.
Аталмыш байқауға №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары Жаңабайқызы Айя мен Перузхан Әсем Жүнісқызы қатысып, Үздік бейнеролик ұсынғаны үшін «The best VIDEO» номинациясын жеңіп алды.
Шын жүректен қуана құттықтаймыз! Әрдайым жаңашыл бағыттағы тың идеяларыңыз дами отыра, жетістіктің шыңына жете беріңіздер!


