25.05.2024
Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі «Ғылыми бағдар беру шеберханасы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық ғылыми жобалар байқауында «Жаратылыстану» бағыты, география секциясы бойынша жұмыс сапалығы мен ғылыми стильін паш еткені үшін №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Төлебай Айым жүлделі ІІІ-орынмен марапатталды.
Жетекшісі: Молдабаева Нұргүл Өтешқызы.
Қажырлы ізденіс пен жан-жақты зерттеудің нәтижесінде келген лайықты жеңіспен мектеп директоры Садыкбекова Анжела Акмурзаевна шын жүректен қуана құттықтады. Алдағы уақытта оразан зор жетістіктерге жетіп, ғылым жолында қанат жайып өсіп-өркендеуіне ақ тілектестігін жеткізді.
Жарайсыздар! Ұстаз еңбегі ақталып, шәкірттеріңіз қайда жүрсе де топ жарып, жүлделі жеңіске толы жемісті күндеріңіз көп болғай! Креативті идеяларыңыз арқылы жағымды жаңалықтарыңызбен мектеп өмірін жандандыра беріңіздер!


