28.05.2024
№7 мектеп-лицейінің 3 «А» сынып оқушысы Оразалы Муслим Ринатұлы Саратов қаласында өткізілген Халықаралық деңгейдегі «таэквондо» спорт түрінен үздік өнер көрсетіп, жүзден жүйрік оза шауып, мыңнан тұлпар атанып, абыройлы намыспен жүлделі Іl-орынды иеленді.
Ресей мемлекетінен чемпион атанған оқушымыздың ақжолтай жаңалығына мектеп басшысы Садыкбекова Анжела Акмурзаевна қуана құттықтап, өзіндік жылы лебізі мен құттықтауын арнады! Жарайсың, Муслим! Спорт әлемінде шоқтығың биік болуына тілекшіміз! Жеңіске толы жемісті күндерің көп болып, әрдайым сәттілік серігіңе айналсын!

