28.05.2024
Қызылорда қаласының Білім бөлімі және Қызылорда облыстық Оқу орталығы (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «GRAND master» ЖШС Junior Skills Kazahstan чемпионатының қалалық кезеңінде №7 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Әбдірахман Әбдімәулен мен 10 «А» сынып оқушысы Марабек Ержан, 9 «Ә» сынып оқушысы Серік Аңсар жүлделі І-орын иеленіп, чемпионаттың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Шын жүректен қуана құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, бағындырар белестеріңіз көп болсын! Ақтық мәреде сәттілік серіктеріңізге айналып, толағай табысқа жетелейтін жүлделі жеңістер тілейміз!

