Мемлекеттік қызмет алушылар күні
№7 мектеп-лицейінде ата-аналарға мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңестер берілді. Қызмет алушылардың проблемалық мәселелерін шешу мүмкіндіктері талқыланып, білім беру ұйымының әлеуметтік педагог және арнайы педагог логопед мамандарынан консультациялық көмектер ұсынылды.
Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры есебінен берілетін бір реттік қаржылық көмек, мектептегі ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік педагог тарапынан пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ 1-сыныпқа қабылданушы оқушыларды Egov.kz
«Электрондық Үкімет» порталында бағдарламашылардың нұсқауымен құжаттар қабылданып, өтініштері ұлттық білім беру деректер қорына жолданды.
Мектеп ұжымы қызмет алушылар үшін әркез қол ұшын аямауды, тиісті шараларды уақытында шешуге оң ықпалын тигізіп, қызмет көрсетуге әзір.
