Бастауыш білім берудің әдістемелік кеңейтілген отырысы

№7 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар бірлестігінің жаңа оқу жылы қарсаңында әдістемелік кеңес беруге арналған жалпы отырысы өткізілді.
Жиналыс барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Макашова Лиза Амангелдіқызы бірлестіктің 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарын қорытындылап, әрбір мұғалімнің өткен жылдағы жасаған жұмыстары мен жетістіктерін айтып өтті. Алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Бірлестік жетекшісі Бекмұратова Роза Абдуғапурқызы әдістемелік нұсқаулықтың 2024-2025 оқу жылындағы өзгерістері туралы айтты және барлық мұғалімдерге алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

