Digital kazakhstan: жаңа замандағы білім беру педагогикалық кеңес отырысы
№7 мектеп-лицейінде жаңа 2024-2025 оқу жылында жүйелі жұмыс жасап, тиянақты орындауда бағыт-бағдарға көзделген ашық педагогикалық кеңес жиыны өткізілді.
Кеңес барысында қаралған мәселелер:
2023-2024 оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылының міндеттері;
2024-2025 оқу жылының негізгі ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
«Мектепке жол» акциясының жүргізілуі, әлеуметтік қолдау;
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру, мектепішілік есепке алу жолдары;
Жиын барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер толығымен айшықталып, «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен көпшілікті кеңінен таныстырды.
2023-2024 оқу жылындағы мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктеріне талдау жасап, жаңа оқу жылы барысында жоспарланған жұмыстарға тоқталып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының кешенді жоспарын жүзеге асырудағы толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар айтылып, ұлттық құндылықтарды тәрбие үрдісіне әртүрлі іс-шаралар арқылы енгізу алгоритмі ұсынылды.
Жиын соңында ұстаздық мансабын абыроймен аяқтап, зейнеткерлік жасқа жеткен педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжалиева Гүлжанат Абатқызын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибрагимов Бейбут Умирзакович және мектеп ұжымы үлкен ықыласпен құттықтап, естелік сый-сияпатпен марапаттады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңіл атлетика спорт түрінен әйелдер арасында үздік алтын медальмен олжалы оралған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Малика Минайдарқызын елеулі жеңісімен құрметтеді.
Киелі қара шаңырақ білім ордасы барша ұлы есімді ұстаздар қауымын жаңа оқу жылында толағай табыстар мен үздіксіз шығармашылық ізденістерге жетулеріңізге әрдайым тілектестігін білдіреді!

