Мектебім — мейірім мекенім
№7 мектеп-лицейінде «Мектебім- мейірім мекенім» тақырыбында білім күніне арналған салтанатты шара өтті.
Жаңа оқу жылы — бәрінің бастамасы. Жаңа бастамаларыңыз сәтті, жаңа жетістіктерге толы болсын.
№7 мектеп-лицей бойынша 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған оқушыларды және ата- аналар мен ұстаздарды мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Жавзмагина Гүлжан Тынымбаевна «Білім күнімен» құттықтап, алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ білім ордасына келген қонақтарымыз облыстық мәслихат депутаты — Нәлібаев Махсұт Ыбырайханұлы, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы — Молдабаева Ғазиза Асылбекқызы және Қызылорда полиция департатаметінің криминалды полиция басқармасының полиция полковнигі Аяпов Еркін Сағындықұлына сөз беріліп, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге өз тілектерін білдірді.
Мектеп-лицейдің былтырғы оқу жылы бойынша жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғысын білдіре отырып мектебіміздің білікті ұстазы Орынбетова Айнур Койшыбековна Қызылорда облыстық білім басқармасының «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН»,
Сондай-ақ Махатова Мөлдір, Емберген Мөлдір Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды.
Өз арнауларын өлең жолдарымен жеткізіп, ыстық ықыласқа бөленген бүлдіршіндер қоңырау сыңғырымен алғашқы сыныптарына қадам басты.
Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп — өркендей берсін!
https://www.facebook.com/share/p/9SZoUFaBqiMJg2sJ/





