Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш буынның өзара сабақтастығы
№7 мектеп-лицейінде алғаш мектеп партасына отырған бүлдіршіндер ұстаздары мен осы мөлтек аудандағы №31 «Алтын кілт» балабақша тәрбиешісі Ерубаева Анар Қалмағанбетовнамен кездесу сағаты өтті.
Негізі бағыты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған оқушыны білік, дағдыларын жоғары деңгейде байыптауға бағыттаса, педагогтер үшін бағдарлама мазмұнының үздіксіздігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Баланың жүйелі сатылы дамуы, білімін кеңейту, тереңдету төңірегінде ой бөлістірген кездесу екі жақты педагогтеріне де тиімді тәжірибе алмасу алаңы болды.
https://www.facebook.com/share/p/j9bsU5oKXDXzdtfz



