Болашақ жас сарбаздарға кәсіби бағыт-бағдар беру
№7 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің офицерлері мен әскери қызметкерлері Сатарқұл Әділет Ержанұлы, Нурумбетов Ғалымжан Маханбетжанович және Сыздықов Батырбек Нұрланұлы арнайы келіп, кәсіптік бағдар беруде үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
Әскери қызметкерлер өскелең буын өкілдерін еліміздің патриоты болуға шақыру, отансүйгіш, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға тыңғылықты дайындықпен келді. Ерлік сағатында оқушыларға арнайы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әскери қызметтің қыр-сыры туралы мәліметтер берілді. Қатысушы жастарға Шекара академиясы туралы арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, назарға ұсынылды.
Оқушылар мен әскери қонақтар еркін форматта әңгімелесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді. Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болу тиіс десек, мұндай тағылымды шаралар оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Шекара академиясына оқуға түсуге орта білімі бар 17-27 жас аралығындағы азаматтар үміткер бола алады. Ол үшін «Нұрсұлтан» даңғылы, №14 мекенжайында орнала сқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментіне өтініш қалдыру қажет.
Үгіт-насихат жұмысының соңында оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берілді.
Жиын соңында АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Дүйсенбаев Нұржан Батырбекұлы оқушыларға мамандық таңдауда сәттілік тілеп, үгіт-насихат жұмысын қорытындылады.
https://www.facebook.com/share/p/CSdHrhRX3vQhpLKX




