Халықаралық туризм күніне орай «Туристік көп сайыс- 2024» сайысы
Қалалық туристік фестиваль Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жанындағы Батырхан Шүкенов атындағы саябақта өткізілді.
Сайыстың мақсаты оқушылар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу. Оқушылардың шеберлігін шыңдау, туристік тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Сайысқа қала бойынша 11 команда қатысты. Сайыстың шарты бойынша командалар өздеріне берілген тапсырмаларды өз уақытында орындап, шеберліктерін көрсете білді.
Оқушылар арасында қызыққа толы өткен туристік слётте №7 мектеп-лицейі “Арқан байлау” сайысы бойынша жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
Команда жетекшісі: Нұржан Батырбекұлы. Жеңісті күндер көп болсын!
https://www.facebook.com/share/p/LUZwc7Kf8piRigdb



