Мектепішілік дебат клубының жұмысы қайта жандануда
№7 мектеп-лицейінің “ДІЛМӘР” дебат клубы 2024-2025 оқу жылындағы дебат клубының жоспарына сай «Дәстүрлі айтыс пен заманауи айтыстың айырмашылығы» тақырыбында пікірсайыс өткізді.
Пікірсайыс барысында оқушылар тартысты ойын көрсетіп, ойларын еркін ортаға салды. Жақтаушы топ өкілдері дәстүрлі айтысты қолдаса, даттаушы топ заманауи айтыстың артықшылықтарын тайға таңба басқандай нақты жеткізді.
Жас пікірсайысшыларымызға толағай сәттіліктер тілейміз!
