Жаныңда жүр жақсы адам

Ерекше біл басқадан,
Адалдыққа бастаған.
Жаны жайсаң қашанда,
«Жаныңда жүр, жақсы адам»
№7 мектеп-лицейінің сала ардагерлерінің қатысуымен өткен керемет кештің куәсі болдық. Ұстаздық жолына бар ғұмырын арнаған кештің жұлдызды қонақтарымен керемет сұхбат болып, әдемі естеліктер айтылып, жас ұстаздарымызға деген ұжым арасындағы өзара сыйластықты, достықты, әріптестікті нығайту мақсатында ақылшы ұстаздарымыз түрлі ақыл-кеңестер де айтты.
Жақсы адамның көздері жүрегінде,
Жақсы сөздер жүретін сөздерінде,
Айналаға нұрын төгіп тұратұғын
Мейірімі, оның екі көздерінде.
Ақылы оның тасып жатқан дариядай,
Жанында тек жақсылык болады ұдай,
Күлген кезде аппақ жүзі күн секілді
Берген Алла дидарына жылы шырай — дей келе осындай жанымызда жүрген жақсы адамдарға алғысымызды айтып, әрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілейміз!
